Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 39

Advertising
background image

уақытта сигнал шамдары өшеді. Функция

дұрыс таңдалмаған кезде 6 түймешігінің

қызыл сигнал шамы 3 рет

жыпылықтайды.

Жуу бағдарламалары мен

параметрлердің өзара үйлесімділігі

туралы ақпаратты "Жуу

бағдарламалары" тарауынан

алыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясын 7

түймешігін басып таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып

кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз

келсе, қажетті кешіктіріп бастау уақытын

7 түймешігін қайта-қайта басып

таңдаңыз. Кешіктіріп бастау уақытының

мәні(ең көбі 20 сағатқа дейін)

бейнебетте бірнеше секунд көрсетіліп

тұрады да, содан соң бағдарламаның

ұзақтығы қайта пайда болады.

Бұл функцияны бағдарламаны орнатып

болып, 6 түймешігін баспай тұрып

таңдаңыз.

Кешіктіріп бастау уақытын кез келген

уақытта, 6 түймешігін баспай тұрып

біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.

Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:

1. Бағдарлама мен қажетті

функцияларды таңдаңыз.

2. Кешіктіріп бастау функциясын 7

түймешігін басып таңдаңыз.

3. 6 түймешігін басыңыз:

– машина сағат сайын кеміп

отыратын кері санақты бастайды.

– Кешіктіріп бастау уақыты аяқталған

соң бағдарлама басталады.

6 түймешігін басқан соң кешіктіріп

бастауды болдырмау:

1. 6 түймешігін басу арқылы кір жуғыш

машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.

2. 7 түймешігін бейнебетте ' мәні

пайда болғанша бір рет басыңыз

3. Бағдарламаны бастау үшін 6

түймешігін қайта басыңыз.

Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп

бастау уақытын тек жуу бағдарламасын

қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге

болады.

Кешіктіріп бастау функциясын СУ ТӨГУ

бағдарламасымен бірге таңдауға

болмайды .

Бағдарламаны 6 түймешігін басып

бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 6

түймешігін басыңыз, тиісті жасыл сигнал

шамы жыпылықтауын тоқтатады. 8.1

және 8.2 сигнал шамдары жанады да,

машинаның жұмыс істей бастағанын

және есіктің құлыпталып қалғандығын

көрсетеді.

Орындалып тұрған бағдарламаны

үзіліске қою үшін 6 түймешігін басыңыз:

жасыл сигнал шам жыпылықтай

бастайды.

Бағдарламаны үзілген жерінен әрі қарай

жалғастыру үшін 6 түймешігін қайта

басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы

таңдалған жағдайда машина кері

санақты бастайды.

Теріс параметр таңдалған жағдайда, 6

түймешігінің қызыл шамы 3 рет

жыпылықтайды да, бейнебетте Err

жазуы бірнеше секунд көрсетіледі.
Параметрге не орындалып тұрған

бағдарламаға өзгеріс енгізу
Кейбір параметрлерді бағдарлама

орындамай тұрып өзгертуге болады.

Қандай да бір өзгерісті енгізбес бұрын,

машинаны 6 түймешігін басып барып

ҮЗІЛІСКЕ қоюға тиіссіз.

Орындалып тұрған бағдарламаны тек

бастапқы қалыпқа әкелген соң ғана

өзгертуге болады. Бағдарламаны

таңдайтын түймешені қалпына

әкеліңіз де, содан кейін оны жаңа

бағдарламаға қойыңыз. 6 түймешігін

қайта басып жаңа бағдарламаны

бастаңыз. Машина ішіндегі кір жуылатын

су сарқылмайды.
Бағдарламаны үзу
Орындалып тұрған бағдарламаны

кідірте тұру үшін 6 түймешігін басыңыз,

тиісті жасыл шам жыпылықтай

бастайды.

Бағдарламаны қайта бастау үшін

түймешікті қайта басыңыз.
Бағдарламаны болдырмау
Орындалып тұрған бағдарламаны

болдырмау үшін түймешені қалпына

қойыңыз.

electrolux 39

Advertising