Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 45

Advertising
background image

Жуу бағдарламасын машинаны тазалау

мақсатында орындау үшін:

• Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.

• Мақта матаны жууға арналған

бағдарламаны ең жоғарғы

температураға қойып таңдаңыз.

• Жуғыш затты қалыпты мөлшерде

пайдаланыңыз, ол биологиялық

қасиеті бар ұнтақ зат болуға тиіс.

Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен

жуыңыз да, содан соң мұқият

құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны жуу үшін

метил спирті, еріткіштер не сол сияқты

заттарды пайдалануға болмайды.
Үлестіргіш қорапшасын тазалау
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын

мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.

1. Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын

тартып шығарып алыңыз. Қалып

қойған жуғыш ұнтақты тазалаңыз.

Тазалық жасау оңай болу үшін қоспа

салынатын қорапшаның үстіңгі жағын

алып қою қажет.

2. Ортаңғы қорапшадан мата

жұмсартқыш салынатын құралды

алыңыз.

3. Барлығын суға салып жуыңыз.

4. Мата жұмсартқыш салынатын

құралды барынша итеріп өз орнына

қойыңыз

5. Кір жуғыш машинаның барлық

жерлерін жуып тазалаңыз, әсіресе кір

жуылатын камера үстіндегі

түтікшелерді шөткемен жақсылап

тазартыңыз.

6. Жуғыш зат үлестіргішті бағыттағыш

жолдарға салыңыз да, алға қарай

итеріңіз.

Жуғыш барабан
Жуатын судың құрамындағы тот пайда

болдыратын заттар мен құрамында

темірі су құбырының суы, барабан ішінің

тот басуына себеп болуы мүмкін.

electrolux 45

Advertising