Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 47

Advertising
background image

8. Қақпақты тосын жағдайда суды сарқу

үшін пайдаланылатын түтікке қайта

салып, түтікті өз орнына орнатыңыз.

9. Сорғышты өз орнына шегіне дейін

бұрап орнатыңыз.

10. Сорғыш есігін жабыңыз.

Назарыңызда болсын!

Машина іске қосылып тұрған кезде,

таңдалған бағдарламаның түріне қарай

сорғышта ыстық су тұруы мүмкін. Жуу

циклі кезінде сорғыш қақпағын ешқашан

ашпаңыз, әрқашан да циклдің аяқталып,

судың сарқылуын күтіңіз. Қақпақты

орнына су жылыстап ағып не болмаса

жас балалар оны алып тастамас үшін

мықтап бұрап қойыңыз.

Су құятын түтікшедегі сүзгілерді тазалау
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп

жатқанын байқасаңыз, су құятын

түтікшедегі сүзгінің бітелген-

бітелмегенін тексеріп алыңыз.

1. Су құятын шүмекті жабыңыз.

2. Су құятын түтікшені бұрап ағытып

алыңыз.

3. Түтікшедегі сүзгіні қатты қылдан

жасалған шөткемен тазалаңыз.

4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп

қойыңыз.

5. Түтікшені машинадан ағытып

алыңыз. Су ағып кетуі мүмкін, еден

сүрткіш дайын тұрсын.

6. Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен

немесе шүберектің қиқымымен

тазалаңыз.

7. Түтікшені машинаға қайта бұраңыз

да, берік жалғанғанын тексеріңіз.

electrolux 47

Advertising