Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 49

Advertising
background image

Ақаулық

Ықтимал себебі/Шешімі

Кір жуғыш машина іске

қосылмайды:

Есік жабылған жоқ.

• Есікті нығыздап жабыңыз.

Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.

• Ашаны розеткаға сұғыңыз.

Розеткада электр қуаты жоқ.

• Үйдегі электр желісін тексеріңіз.

Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.

• Сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған және 6 түймешігі

басылмаған.

• Таңдау тетігін бұраңыз да, 6 түймешігін қайта басыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.

• Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтатыңыз.

Бала қауіпсіздігі құлпы іске қосылған.

• Бала қауіпсіздігі құлпын ажыратыңыз.

Машинаға су құйылмай тұр:

Су құятын шүмек жабық.

• Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік қысылып немесе бұратылып қалған.

• Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.

Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі бітеліп
қалған.

• Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалаңыз (Қосымша

ақпаратты "Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалау"

тарауынан қараңыз).

Есік дұрыс жабылған жоқ.

• Есікті нығыздап жабыңыз.

Машинаның суы төгілмейді

және/не ол айналмайды:

Су құятын түтік қысылып немесе бұратылып қалған.

• Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктегі сүзгі бітеліп қалған.

• Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.

Аяқталғанда су әлі де машина ішінде қалатын немесе

айналдыру циклдары орындалмайтын функция не

бағдарлама таңдалған.

• Бұл параметрді ажыратыңыз.

• Суды төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.

Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.

• Кірді таратып салыңыз.

Еденге су аққан:

Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш зат (тым көп көбік

пайда болады) қолданылған.

• Жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты

пайдаланыңыз.

Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының бірінен су ақпай

тұрғанын тексеріңіз. Су түтік арқылы төмен қарай

ағатындықтан, мұны көру оңай бола бермейді; оның дымқыл

болмауын тексеріңіз.

• Су құятын түтік қосылымын тексеріңіз.

Су құятын түтік бүлінген.

• Оның орнына жаңасын салыңыз.

Төтенше жағдайда су төгуге арналған түтіктің қақпағы орнына

қойылмаған немесе тазалағаннан кейін сүзгі өз орнына дұрыс

бұрап салынбаған.

• Төтенше жағдайға арналған түтіктің қақпағын жабыңыз

немесе сүзгіні түбіне дейін бұраңыз.

electrolux 49

Advertising