Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 46

Advertising
background image

Өте маңызды! Барабанды құрамында

қышқылы бар қақ кетіргіштермен, хлоры

бар жеміргіш заттармен, немесе темір не

болат жөкемен тазаламаңыз.
1. Барабандағы тотты тот баспайтын

болатқа арналған тазалағышпен

тазартыңыз.

2. Тазалағыш заттың қалдығын арылту

үшін жуу циклін ешбір зат салмастан

орындап шығыңыз.

Бағдарлама: Мақта матаға арналған

қысқа бағдарламаны максимум

температураға қойып, шамамен

мөлшерлегіш ыдыстың 1/4 бөлігіне

салынған жуғыш заттан салыңыз.

Есік тығыздағышы
Есіктің тығыздағышын мезгіл-мезгіл

тексеріп, оның қатпарларының арасына

тұрып қалуы мүмкін заттарды алып

қойыңыз.

Кір су сорғышы
Су сорғышты уақытылы тексеріңіз,

әсіресе:

• машина суы сарқылмаса және/не ол

айналмаса тексеріп отыру қажет

• машинаның суын сарқыған кезде

түйреуіш, тиын т.б. сорғышты бітеп

тастайтын заттарға байланысты одан

өзіне тән емес шуыл шығады.

Төмендегіні орындаңыз:

1. Құрылғыны ажыратыңыз.

2. Қажет болса судың суығанын күтіңіз.

3. Сорғыш есігін ашыңыз.

4. Төгілген затты жинап алу үшін

сауытты сорғышқа жақын қойыңыз.

5. Тосын жағдайларда

пайдаланылатын түтікшені ағытып

алыңыз да, оны сауытқа салып,

қақпағын ашыңыз.

6. Су ағуын тоқтатқан кезде сорғыштың

қақпағын бұрап алып қойыңыз.

Сорғышты алған кезде ағып кеткен

суды сүртіп алу үшін шүберек

әрқашан дайын тұрсын.

7. Сорғыш импеллерінде қандай да бір

зат тұрып қалса оны бұрап барып

алыңыз.

46 electrolux

Advertising