Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 40

Advertising
background image

Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға

болады.
Есікті ашу
Бағдарлама басталған соң (не кешіктіріп

бастау функциясы кезінде) есік

құлыпталып тұрады, оны ашқыңыз келсе

алдымен машинаны 6 түймешігін басып

ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз. Бірнеше минуттан

соң 8.2 шамы өшеді де, есікті аша беруге

болады.

Егер шам жанған қалпы қалып, есік

құлыпталып тұрса, бұл машинаның суды

әлдеқашан қыздыра бастағанын не су

деңгейінің тым жоғары екендігін

білдіреді. Есікті ешбір жағдайда күшпен

ашуға тырыспаңыз!

Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті

түрде ашу қажет болса, түймешені

қалпына қою арқылы машинаны өшіріңіз.

Бірнеше минуттан соң есікті ашуға

болады (судың деңгейі мен

температурасына назар аударыңыз!) .

Есікті жапқан соң, бағдарлама мен

функцияларды қайта таңдап, 6

түймешігін басу қажет.
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды.

Бейнебетте үш нөл(

)жыпылықтап

тұрады. Кейбір дыбысты сигналдар

естіледі. 6 түймешігінің сигнал шамы,

8.1 және 8.2 түймешіктерінің шамдары

өшеді. Бірнеше минуттан кейін 8.3 шамы

жанады да, есікті аша беруге болады.

Егер аяқталған кезде машина ішінде су

қалатын бағдарлама не функция

таңдалса, 8.2 сигнал шамы жанған қалпы

қалады да, есік бекітіліп, машинадағы

суды есікті ашпай тұрып төгу қажеттігін

ескертеді.

Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1. Бағдарламаны таңдайтын түймешені

қалпына қойыңыз.

2. Суды төгу не айналдыру

бағдарламасын таңдаңыз.

3. Қажет болса, айналдыру

жылдамдығын тиісті түймешікті

басып азайтыңыз.

4. 6 түймешігін басыңыз.

Бағдарлама соңында 8.2 сигнал шамы

өшеді де, есікті енді аша беруге

болатындығын көрсетеді. Машинаны

өшіру үшін бағдарламаны таңдайтын

түймешені қалпына қойыңыз.

Кірді машинадан еппен алыңыз да,

барабанның бос екендігіне көз жеткізіңіз.

Тағы да кір жуғыңыз келмесе су құятын

кранды жабыңыз. Зең мен жағымсыз иіс

пайда болмас үшін есікті ашық

қалдырыңыз.

Күту режимі : бағдарлама аяқталғаннан

кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты

үнемдейтін режим іске қосылады.

Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез

келген түймешікті басу арқылы

құрылғыны қуатты үнемдейтін режимнен

шығаруға болады.

Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға

қатысты белгішелерге мұқият назар

аударып, өндірушінің жууға қатысты

нұсқауларын орындаңыз. Киімді

төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-

түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан

бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу

барысында бозарып қалуы мүмкін.

Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет

жуғанда бояуы шығуы мүмкін; сондықтан

да оларды алғашқыда жеке-жеке жуу

қажет.

Жастық қаптарының түймесін салып,

тартпаларды тартып жауып, ілгектер

мен батырма түймешіктерді салыңыз.

Белбеу не ұзын таспалар болса оларды

байлаңыз.

Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды

бастамай тұрып кетіріп алыңыз.

Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы

жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен

ысқылап сүртіңіз.

40 electrolux

Advertising