Ақаулықты анықтау – Инструкция по эксплуатации Samsung PS50A552S1R

Страница 145

Advertising
background image

Қазақша - 4

Ақаулықты анықтау

Samsung компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі

қарапайым тексерісті іске асырыңыз.

Егер мәселені төменде келтірілген нұсқаулардың көмегімен шеше алмасаңыз, теледидардың

үлгісі мен сериялық нөмірін жазып алып, жергілікті дилерге хабарласыңыз.

Дыбыс немесе кескін жоқ

Сымның қабырғадағы электр желісіне қосылғанын тексеріңіз.

Теледидардың алдыңғы панеліндегі (Power) батырмасының (On/Off) басылғанын тексеріңіз

немесе қашықтан басқару пультіндегі

POWER батырмасын басыңыз.

Кескіннің контрасты мен айқындылық параметрлерін тексеріңіз.

Үнділікті тексеріңіз.

Теледидар үндеткішінің ажыратулы екенін тексеріңіз.

Кескін қалыпты, бірақ дыбысы жоқ

Үнділікті тексеріңіз.

Қашықтан басқару пультіндегі

MUTE батырмасының басылып қалмағанын тексеріңіз.

Кескін жоқ немесе кескін ақ-қара түсті

Түс параметрлерін реттеңіз.

Таңдалған хабар тарату жүйесінің дұрыстығын тексеріңіз.

Дыбыс пен кескінде бөгеуіл бар

Теледидарға әсер етіп тұрған электр құрылғысын тауып, оны алысырақ қойыңыз.

Теледидарды басқа электр розеткасына қосып көріңіз.

Бұлыңғыр немесе анық емес сурет, бұрмаланған дыбыс

Антеннаның бағытын, орналасуын және жалғануын тексеріңіз.

Мұндай бөгеуіл көбінесе бөлме антенналарын пайдаланған кезде пайда болады.

Қашықтан басқару пультінің дұрыс жұмыс істемеуі

Қашықтан басқару пультінің батареяларын ауыстырыңыз.

Қашықтан басқару пультінің жоғарғы жағын тазалаңыз (өту терезесі).

Батареялардың “+” және “–” бөліктерінің дұрыс салынғанын тексеріңіз.

Батареялардың қуаты таусылмағанын тексеріңіз.

Бейнебет қара түсті, ал қорек айғақтауышы жыпылықтап тұр.

Компьютердегі қорек, сигнал кабелін тексеріңіз.

Теледидар қуат басқарудың дербес жүйесін қолдануда.

Компьютер тінтуірін қозғаңыз немесе пернетақтадағы кез келген батырманы басыңыз.

Құрылғыдағы (тұрғы-таған, DVD ойнатқыш және т.б.) қоректі, сигнал кабелін тексеріңіз.

Теледидар қуат басқарудың дербес жүйесін қолдануда.

Қашықтан басқару пультіндегі Source батырмасын басыңыз.

Теледидарды ажыратып, қайта қосыңыз.

Бейнебеттің бұрышында бұрмаланған кескін көрінеді.

Егер кейбір сыртқы құрылғыларда

Just Scan таңдалған жағдайда, бейнебеттің бұрышындағы

сурет бұрмалануы мүмкін. Бұл жағдай теледидарға емес, сыртқы құрылғыларға байлансты.

“Resets all settings to the default values” хабары пайда болады.

Бұл

EXIT батырмасын аз уақыт басқанда және ұстап тұрғанда пайда болады. Өнім

параметрлері зауыттық мәндеріне сай қалпына келтірілді.

BN68-01434G-01_Kaz.indb 48

2008-05-29 ¿АИД 4:49:51

Advertising