Телемәтін функциясы (үлгіге байланысты) – Инструкция по эксплуатации Samsung PS50A552S1R

Страница 140

Advertising
background image

Қазақша - 4

Телемәтін функциясы (үлгіге байланысты)

Көптеген теледидар станциялары телемәтін арқылы жазбаша

ақпарат қызметтерін ұсынады. Телемәтін қызметінің негізгі

бетінде осы қызметті пайдалану жолы туралы ақпарат

беріледі. Сонымен бірге, қашықтан басқару пультін пайдалану

арқылы өзіңіздің талаптарыңызға сай келетін түрлі

параметрлерді таңдай аласыз.

Телемәтін ақпараты дұрыс көрсетілуі үшін арна қабылдау

сапасы жақсы болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда

ақпараттың болмауы мүмкін немесе кейбір беттер көрсетілмеуі

мүмкін.

1

(exit)

Телемәтін бейнебетінен шығу (үлгіге байланысты)

2

(сақтау)

Телемәтін беттерін сақтау үшін пайдаланылады.

3

(өлшем)

Бейнебеттің жоғарғы жартысындағы екі есе өлшемді әріптерді

көрсету үшін басыңыз. Бейнебеттің төменгі жартысы үшін оны

қайтадан басыңыз.

Қалыпты бейнебетті көрсету үшін оны тағы бір рет басыңыз.

4

(ашып көрсету)

Жасырын мәтінді (мысалы, викторина сұрақтарының жауаптары)

бейнебетке шығару үшін пайдаланылады. Қалыпты бейнебетті

көрсету үшін осы батырманы қайтадан басыңыз.

5

Түрлі-түсті батырмалар (қызыл/жасыл/сары/көк)

Егер хабар тарату компаниясы FASTEXT жүйесін пайдаланатын

болса, телемәтін бетінде берілген түрлі тақырыптар түстермен

кодталады да, оларды түрлі-түсті батырмаларды басу арқылы

таңдауға болады. Қажетті тақырыпқа сай келетін біреуін

басыңыз. Бейнебетке ақпараты басқа түспен бөлектеліп

көрсетілген бет шығарылады да, ондағы ақпаратты да

осындай жолмен таңдауға болады.

Алдыңғы немесе келесі бетті бейнебетке шығару үшін тиісті

түсті батырманы басыңыз.

6

(телемәтін қосулы/аралас)

Телемәтін қызметін ұсынатын арнаны таңдағаннан кейін

телемәтін режимін іске қосу үшін осы батырманы басыңыз.

Телемәтіннің үстінен ағымдық хабар тарату бейнебетін

қабаттастыру үшін осы батырманы екі рет басыңыз.

7

(режим)

Телемәтін режимін (LIST/FLOF) таңдау үшін басыңыз.

Егер оны ТІЗІМ режимінде бассаңыз, ол тізімді сақтау режиміне ауысады.

Тізімді сақтау режимінде телемәтін бетін

(сақтау) батырмасын пайдаланып, тізімге

сақтауыңызға болады.

8

(ішкі бет)

Қолданыстағы ішкі бетті бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.

9

(беттің үстіне)

Келесі телемәтін бетін бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.

0

(беттің астына)

Алдыңғы телемәтін бетін бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.

!

(негізгі бет)

Телемәтінді қарап отырған кезде негізгі (мазмұн) бетті кез

келген уақытта бейнебеттен көрсету үшін пайдаланылады.

@

(ұстап тұру)

Егер таңдалған бет бірнеше ішкі бетпен байланысты болса,

сол бетті бейнебетте ұстап тұру үшін пайдаланылады.

орналасу реті бойынша бірінен кейін бірі көрсетілетін болса.

Жалғастыру үшін осы батырманы қайтадан басыңыз.

#

(кері шақыру)

Бетті іздеген кезде хабар тарату арнасын бейнебетке шығару

үшін пайдаланылады.

Телемәтін беттерін қашықтан басқару пультіндегі батырмаларды басу арқылы өзгертуіңізге болады.

Жалғасы...

BN68-01434G-01_Kaz.indb 43

2008-05-29 ¿АИД 4:49:46

Advertising