Фотосинтез – балғындықты сақтау құралы (қосымша), Диспенсерден су алу, Қарапайым бөтелкелерді орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung RL52VEBIH
Страница 129: Жарық диодты жарықтандырудың ерекшеліктері, Жарық диодты шамды пайдалану
02
ПАЙДАЛАНУ
Пайдалану
_23
Диспенсерден су алу
1. Стақанды суағардың астына қойыңыз.
2. Онымен диспенсердің иінтірегін
сәл ғана басыңыз.
• Суды төгіп алмас үшін
стақанды диспенсерге
қарай түзулеп қойыңыз.
• Кейбір үлгілерде суға арналған диспенсер болмауы
мүмкін.
Қарапайым бөтелкелерді орнату
1. Бекітілген иінтіректі басыңыз
да, суға арналған ыдысты
көтеріңкіреп шығарып алыңыз.
2. Диспенсердің кранын суға
арналған ыдыстан алыңыз.
3. Диспенсердің кранын
минералды суы бар қарапайым
бөтелкеге орнатыңыз да,
кранды бекіту үшін сағат тілі
бойынша бұраңыз.
4. Краны бар бөтелкені диспенсерге
арналған тесікке орнатыңыз.
• Минералды суы немесе
басқа да сусындары бар
қарапайым бөтелкеге ауа
кіріп кеткен жағдайда
сылдырлаған дыбыстар естілуі мүмкін.
• Минералды суы немесе басқа да сусындары
бар кейбір бөтелкелер көлемі жағынан кранға
сәйкес келмеуі мүмкін.
• Иінтіректі басқан кезде су ақырын құйылса,
иінтіректі тағы бір рет басыңыз.
• Кока-кола немесе содалы су тәрізді газдалған
сусындарды пайдаланбаңыз. Иінтіректі
басқан кезде сусыны бар бөтелкенің жоғарғы
бөлігінде жиналған газ қысымының әсерінен
сусын төгіліп кетуі мүмкін.
• Гигиеналық мақсатта құрамында қанты
көп сусындарды (шырындар, алкогольсіз
сусындар) пайдалану ұсынылмайды.
• Құрамында қатты бөлшектері болмаса,
бөтелкедегі минералды суды немесе қайнаған
суқұбырының суын пайдалануға болады.
Егер суға арналған диспенсер
пайдаланылмайтын болса, төмендегі
әрекеттерді орындаңыз
1. Диспенсер кранын диспенсерге арналған тесікке
мықтап орнатыңыз.
• Егер диспенсердің краны ұзақ уақыт бойы орнынан
алынып тұрса, суық ауаның шығуы себебінен
тоңазытқыштың жұмысы бұзылуы мүмкін.
2. Суға арналған ыдыстың орнына шағын қоршау
жасап, сусыны бар бөтелкелерді сақтаңыз.
• Мөлшері 1,5 л екі бөтелкені сыйдыруға болады.
ФОТОСИНТЕЗ –
БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУ
ҚҰРАЛЫ (ҚОСЫМША)
Жарық диодты жарықтандырудың
ерекшеліктері
Жарық болмаған кезде ғана өсімдіктер тыныс
алады. Дегенмен, жарық түскен кезде фотосинтез
үдерісі тыныс алу үдерісімен қатар жүруі
мүмкін. Көкөністерді жарығы жоқ тоңазытқышта
сақтасаңыз, олар тыныс алуын жалғастырады, бірақ
тез бұзылып, қоректік қасиеттерін жоғалтады. Егер
көкөністерді немесе жеміс-жидектерді Fresh Safe
жәшігіне салсаңыз, бұл фотосинтез бен тыныс алу
үдерістерінің бір уақытта жүзеге асырылу есебінен
балғындықтың ұзағырақ сақталуына әсер етеді.
Жарық диодты шамға ұзақ уақыт бойы
көз алмай қарап отырмаңыз.
Бұл көру қабілетінің төмендеуіне әкеп
соғуы мүмкін.
Жарық диодты шамды пайдалану
• Жарық диодты шам
Fresh Safe жәшігінің
артқы қабырғасында
орналасқан. Жарық
диодты жарықтандыру
көкөніс пен жеміс-
жидектің ұзағырақ
сақталуына мүмкіндік береді.
• Анағұрлым жақсы нәтиже алу үшін көкөніс пен
жеміс-жидектерді мөлдір полиэтилен пакеттерде
немесе қаптамасыз сақтаңыз.
Егер көкөністер мен жеміс-жидектерді мөлдір емес
ыдысқа, қорапқа немесе пакетке салсаңыз, шамның
әсері соншалықты тиімді болмайды.
Нажмите
АБАЙЛАҢЫЗ!
і
і
і
АБАЙЛАҢЫЗ!
і
DA99-02116B-29.indb
1:23
DA99-02116B-29.indb
1:23
2014. 6. 13.
11:31
2014. 6. 13.
11:31
- RL55VGBIH RL55VQBUS RL52VPBVB RL57TTE2C RL55TGBTL RL55TTE2C RL55TQBRS RL57TTE5K RL55VEBIH RL57TGBVB RL57TEBIH RL55VEBVB RL52VEBTS RL55VQBRS RL52VSBSW RL55TEBVB RL55TGBIH RL52TEBSL RL55VTEWG RL52VEBVB RL57TTE2A RL55VTEBG RL55VGBVB RL52TEBX4 RL52TPBVB RL52TEBVB RL55TTE2A RL55VEBTS RL55VTEMR RL55TTE1L RL52TEBIH RL55TEBSL RL52TEBTL RL55TGBX4