Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 117 HS

Страница 90

Advertising
background image

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)

20

Егер...

Егер суреттердің түстері мен жарықтығы күтілген нəтижемен сəйкес келмесе ше?
Экранда көрсетілетін сюжет белгішесі ([Руководство пользователя камеры/
Камера пайдаланушысының нұсқаулығы]
қараңыз) нақты сюжетке сəйкес келмеуі
мүмкін. Мұндай жағдайда

G режимінде түсіріп көріңіз ([Руководство пользователя

камеры/Камера пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).

Егер камераны нысанға бағыттағанда, ақ жəне сұр жақтаулар пайда болса ше?
Камера басты нысан деп анықтаған беттің айналасында ақ жақтау, ал басқаларында сұр
жақтаулар пайда болады. Жақтаулар белгілі бір шектеумен нысанның артынан жүреді.
Бірақ нысан қозғалғанда, сұр жақтаулар жоғалып, ақ жақтау ғана қалады.

Егер түсірілетін нысанда ақ жақтау пайда болмаса ше?
Нысан анықталмай, жақтаулар артқы фонның нүктелерінде көрсетілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда

G режимінде түсіріп көріңіз ([Руководство пользователя камеры/

Камера пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, көк жақтау пайда болса ше?
Қозғалып тұрған нысан анықталғанда, көк жақтау көрсетіледі; дəлдеу мен
экспозиция оған тəуелді өзгеріп отырады (Еретін AF).

Егер жыпылықтаған

белгішесі көрсетілсе ше?

Камераның қозғалуынан кескіндер анық болмай шықса, оны үштағанға орнатыңыз.

Егер камера ешқандай дыбыстық сигнал шығармаса ше?
Камераны қосқанда

p түймесін басып тұрса, барлық дыбыстық сигналдар өшіп

қалады. Дыбыстарды қосу үшін

n түймесін басып, 3 қойындысынан [Тихо/

Үнсіз] тармағын таңдаңыз, содан кейін

qr түймелерінің көмегімен [Выкл./Өшіру]

мəнін таңдаңыз.

Кескін жарқылдақ қосылса да күңгірттеніп шықса ше?
Нысан тым алыс орналасқан, сондықтан жарқылдақтың жарығы оған жетпейді.
Жарқылдақтың əсер беретін радиусы – объективтен шамамен 30 см – 4,0 м - ең кең
бұрышты қалыпта (

j) жəне шамамен 50 см – 2,0 м - ең жоғары деңгейлі телефото

қалпында (

i).

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, бір дыбыстық сигнал
берілсе ше?
Нысанмен арадағы қашықтық тым қысқа болуы мүмкін. Камераның объективі ең кең
бұрышты қалыпта (

j) тұрса, объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі арақашықтық 3 см

шамасынан аз болмау керек. Енді түсіре беруге болады. Камераның объективі ең жоғары
деңгейлі телефото қалпында (

i) тұрса, объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі

арақашықтық шамамен 50 см болу керек.

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, жарық жанса ше?
«Қызыл көз» əсерін азайтып, жарық жетпейтін жерлерде дəлдеу оңай болу үшін,
жарық жануы мүмкін.

Егер түсірейін дегенде,

h белгішесі жыпылықтаса ше?

Жарқылдақ зарядталады. Зарядталып болғанда, түсіре беруге болады.

Advertising