Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 117 HS

Страница 2

Advertising
background image

ОТПЕЧАТАНО В ЕС
НАДРУКОВАНО В ЄС
ЕО-ДА БАСЫЛҒАН

© CANON INC. 2011

Кепiлдiк талонының аудармасы. Сатып алуды растау үшiн кепiлдiк талонының
түп нұсқасын қолдануыңызды сұраймыз.

Өндірушінің келесі Canon өнімдеріне берген
Кепілдік талоны
Айналы жəне сандық фотокамералар, фотожарқылдағыштар, объективтер
Бұйымды сатып алған кезіңізде, оның көзіңізше тексерілуін жəне берілген талонның дұрыс
толтырылуын талап етіңіз.

Кепiлдiк талонының түп нұсқасын келесi ақпаратпен толтыруыңызды сұраймыз:

Бұйым атауы

Сериялық нөмірі

Сатып алынған күні

Сауда ұйымының аты мен мекен-жайы

Сауда ұйымының мөрі мен сатушының қолы

Бұйым тұтынушының көзінше тексерілді

Жоғары сапалы стандарттарға сəйкес өндірілген жəне сынақтан өткен Canon өнімін сатып алғаныңыз үшін

алғысымызды білдіреміз. Бұл бұйымды қолданбас бұрын, пайдаланушы нұсқаулығында берілген

ережелермен мұқият танысқаныңыз жөн. Сатып алынған өнім үшін берілген кепілдікті өндіруші фирма өнімді

сатып алған күннен бастап 2 жыл мерзімге береді.
Ұсынылған кепілдік ТМД елдерінің территорияларында келесі шарттар бойынша іске асырылады:

1. Бұйым ТМД елдерінде сатып алынуы тиіс жəне пайдаланушы нұсқаулығында берілген ережелерге сəйкес

қолданылуы шарт.

2. Кепілдік көрсету қызметі тізімі бұйымның жеткізу жиынтығына кіретін Canon өкілетті қызмет көрсету

ұйымдарымен жүргізіледі. Canon өкілетті қызмет көрсету ұйымдары туралы толық ақпаратты

http://www.canon.ru/service/ мекен-жайы бойынша Интернеттегі біздің серверімізден алуыңызға болады.

3. Кепілдік көрсету қызметі бұйымның соңғы пайдаланушымен (тұтынушымен) сатып алынған тек сол ТМД

елінде көрсетіледі.

4. Негізгі бұйымның, сондай-ақ оның жиынтықтаушылары мен кепілдік мерзімі шектеулі құрамдастарының

кепілдік мерзімі бұйымның кепілдік жөндеуде болған уақытына сəйкес ұзартылады. Өкілетті қызмет

көрсету ұйымының өкілдері жүргізілген кепілдік жөндеу туралы тиесілі ақпаратты жөндеу аяқтала

салысымен берілген кепілдік талонына енгізуі тиіс.

5. Бұйымның кепілдік жөнделуі жиынтықтаушылар немесе əйтеуір бір құрамдас бөлігін ауыстыру арқылы

жүргізілсе, кепілдік алмастырылған жиынтықтаушылар немесе құрамдас бөліктерге бұйымның

тұтынушыға берілген күнінен бастап жарты жылға беріледі.

6. Берілген кепілдік бұйыммен бірге келген бағдарламаға, жасақтаушы материалға (тонер мен картридждер,

сия сауыттары, ағымдық баспа ұштары) жəне бұйым құрамына кіретін қосымша жабдықтарға (ауыспалы

жады модульдері, аккумуляторлар, қуаттандыру адаптерлері, зарядтау құралдары, қашықтан басқару

құралдары, байланыстырушы сым желілер, қаптамалар жəне т.б.) таралмайды.

7. Өнім тұтынушының қолына тапсырылғаннан кейін пайдалану, тасымалдау жəне бұйымды сақтау

ережелерінің бұзылуы, үшінші жақтың немесе бой бермес күштің əсері жəне пайдаланудың келесі

ережелерінің бұзылуы нəтижесінде туындаған ақаулықтар үшін өндіруші жауапкершіліктен босатылады:

(1) бұйым құрылымына Canon фирмасымен ресми мақұлданбаған кез келген өзгерістердің енгізілуі, (2)

бұйымға Canon фирмасыменен пайдалануға ұсынылмаған құралдарды қосу, қосымша жабдықтар мен

жасақтаушы материалдарды қолдану.

8. Берілген кепілдік тұтынушылардың конституциялық жəне өзге құқықтарын толықтырады жəне оларды

ешбір жолмен шектемейді.

Қызмет көрсету ыңғайлығы жəне заңнамамен қарастырылған басқа талаптарыңызды қанағаттандыру үшін

бұйымды пайдаланудың толық мерзімінде бұйыммен бірге берілген құжаттаманы (берілген кепілдік

талонын, пайдаланушы нұсқаулығын, т.б.) жəне сатып алу келісім шартын растайтын құжаттарды (кассалық

чек, тауар жіберу құжаты) сақтауыңызға кеңес береміз.

Өндіруші: «Canon Inc.», 3-30-2 Шимамаруко, Охта-ку, Токио, 146-8501, Жапония. Өндіруші ел: Жапония.
Авторландырған импортер жəне Ресей тұтынушыларының шағымдарын қарастыруға жауапты өндіруші

өкілі: ААҚ «Канон Ру», 109028, Мəскеу, Серебряническая жағ., 29, 8 қабат.

Advertising