Ескерту – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 117 HS

Страница 75

Advertising
background image

Сақтық шаралары

5

Пайдалануға тыйым салынған жерлерде камераны өшіріп қойыңыз.

Камера шығаратын электромагниттік толқындар электрондық құралдар немесе басқа
құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Электрондық құрылғыларды пайдалануға
тыйым салынған жерлерде, мысалы, ұшақтар мен медициналық мекемелерде қажетті
қауіпсіздік шалаларын сақтаңыз.

Жинақпен берілген ықшам дискіні (немесе дискілерді) деректер жазылған ықшам
дискілерді ойнату функциясын қолдамайтын ойнатқышта ойнатуға
əрекет жасамаңыз.

Бұл ықшам дискілерді музыка ойнатқыштарында ойнатқанда құлақаспаптардан шығатын
қатты дыбыстар есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Оған қоса, мүұндай ықшам дискілерді
музыка ойнатқыштарында ойнатудан динамиктер зақымдалуы мүмкін.

Ескерту

Жарақаттану қаупі бар екенін көрсетеді.

Камераны бауынан ұстағанда, оны соғып алмаңыз, шектен тыс механикалық күш
келтірмеңіз жəне қатты шайқамаңыз.

Камераны соғып алмаңыз жəне объективті қатты баспаңыз.

Жарақат алу немесе камераны бұзып алу қаупі бар.

Экранды қатты соғып алмаңыз.

Экран сынса, жарақат тудыруы мүмкін.

Суретке түсіргенде, жарқылдақты саусақтармен жəне киіммен жауып қалмаңыз.

Күйік орын алуы немесе жарқылдақ зақымдалуы мүмкін.

Құрылғыны мына жерлерде қолдануға, қалдыруға жəне сақтауға болмайды:

- тікелей күн сəулесінің астында;
- температура 40 °C шамасынан асатын жерлерде;
- ылғалды немесе шаңды жерлерде.

Əйтпесе, аккумуляторлар қызып кетуі, жарылуы немесе олардан электролит ағуы жəне соның
нəтижесінде ток соғуы, өрт шығуы, күйіктер пайда болуы немесе басқа жарақат алынуы мүмкін.
Жоғары температура камера корпусының немесе зарядтау құрылғысының пішінін өзгертіп
жіберуі мүмкін.

Ұзақ қараса, кадрлардың слайд-шоу түрінде ауысу əсері дискомфорт туғызуы
мүмкін.

Ескерту

Құрылғыны зақымдау қаупі бар екенін білдіреді.

Камераны жарқын жарық көздеріне (мысалы, ашық күні күнге) қаратпаңыз.

Əйтпесе, кескін сенсоры зақымдалуы мүмкін.

Камераны жағажайда немесе желді жерлерде қолданғанда, оның ішіне шаң немесе
құм кіріп кетпеуін қадағалаңыз.

Кіріп кетсе, құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.

Advertising