Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 117 HS

Страница 76

Advertising
background image

Сақтық шаралары

6

Əдеттегідей пайдаланылғанда, жарқылдақтан аздап түтін шығуы мүмкін.

Түтін жарқылдақтың жоғары қарқындылығымен оның линзасына түскен құм жəне басқа бөтен
заттар жанғаннан болады. Жарқылдақ қызып кетпеуі немесе зақымдалмауы үшін, оған түскен
кір, шаң жəне басқа бөтен заттарды мақта таяқшасымен тазалап отырыңыз.

Камера қолданылмаған кезде, аккумуляторын шығарып, бөлек қойыңыз.

Аккумулятор камераның ішінде қалса, электролит ағып, камераны зақымдауы мүмкін.

Аккумуляторды тастағанда, клеммаларын таспамен немесе басқа оқшаулау
материалымен жауып қойыңыз.

Металдан жасалған басқа заттармен үйкессе, өрт шығуы немесе жарылыс орын алуы мүмкін.

Зарядтап болған соң немесе оны пайдаланбағанда, зарядтау құрылғысын электр
розеткасынан ажыратып қойыңыз.

Зарядталып жатқанда, зарядтау құрылғысының үстіне ешнəрсе (мысалы, киім)
қоймаңыз.

Құрылғы электр розеткасына ұзақ уақыт қосылып тұрса, қызып жəне пішімін өзгертіп, соның
есесінен өрт шығуы мүмкін.

Аккумуляторды үй жануарлары жетіп алатын жерлерге қоймаңыз.

Жануар аккумуляторды тістеп алса, аккумулятордан электролит ағуы, ол қызып немесе атылып
кетуі, соның есесінен өрт шығуы немесе зақым келтірілуі мүмкін.

Қалтаңызда камера болса, отырмаңыз.

Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.

Камераны дорбаға салғанда, ондағы қатты заттар камераның экранына тимей тұру
керек.

Камераға қатты заттар тақпаңыз.

Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.

Advertising