Ең алдымен мынаны оқыңыз – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 117 HS

Страница 73

Advertising
background image

3

Сынақ ретінде түсіру жəне жауапкершіліктің шектелуі

Суреттің дұрыс түсірілетінін тексеру үшін, бірнеше сынақ суретін түсіріп, қарап
көріңіз. Canon Inc. компаниясы, оның еншілес компаниялары, сондай-ақ
таратушылары камераның немесе оның қосалқы құралдарының (соның ішінде
жад картасының) ақауы əсерінен суретке түсіру сапасы нашарлауы немесе
кескіндерді құрал арналып жасалмаған жолмен түсіру нəтижесінде болған
шығындар үшін жауап бермейді.

Авторлық құқықты бұзуға қатысты ескерту

Берілген камерамен түсірілген кескіндер тек жеке мақсаттарда пайдалануға
арналған. Авторлық құқық иесінің алдын ала берілген рұқсатынсыз авторлық
құқықпен қорғалған кескіндерді жазбаңыз. Кейбір жағдайларда камерамен
немесе басқа суретке түсіру құрылғысымен қойылымдардың немесе
көрмелердің суреттерін көшіру, сонымен қатар коммерциялық мақсаттағы
нысандарды түсіру авторлық құқықты жəне жеке пайдалану мақсатымен
түсірілген болса, заңмен белгіленген басқа да құқықтарды бұзушылық болып
есептелуі мүмкін.

Кепілдіктің шектелуі

Камераның кепілдігіне қатысты шарттарды жинаққа кіретін Canon кепілдік
талонынан қараңыз. Canon тұтынушыларын қолдау қызметінің мекенжайларын
Canon кепілдік талонынан қараңыз.

СК-монитор (Экран)

Сұйық кристалды монитор жоғары прецизия технологияларының көмегімен
жасалады. Пикселдердің 99,99% шамасынан артығы техникалық талаптарға
сəйкес жұмыс жасайды, бірақ кейде жұмыс жасамайтын пикселдер ашық
немесе қара нүктелер түрінде көрсетілуі мүмкін. Бұл ақау болып табылмайды
жəне түсірілетін суретке ешқандай əсерін тигізбейді.

Тасымалдау барысында сырылып қалмауы үшін, СК-мониторды жұқа пластик
үлдірмен жауып қоюға болады. Ондай жағдайда камераны қолдану үшін,
үлдірді алып тастау керек.

Камера корпусының температурасы

Камераны ұзақ уақыт пайдаланғанда абай болыңыз - корпусы қызып кетуі
мүмкін. Бұл ақаулық болып табылмайды.

CANON INC.

30-2, Shimomaruko 3-chome, Ohta-ku, Tokyo 146-8501, Japan

CANON EUROPA N.V.

Bovenkerkerweg 59-61, 1185 XB Amstelveen, The Netherlands

Ең алдымен мынаны оқыңыз

Advertising