Ысырманы түсіру түймесін басу, 17 пішімдеуді аяқтаңыз, Жартылай басыңыз – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 117 HS

Страница 87: Толық басыңыз

Advertising
background image

Ысырманы түсіру түймесін басу

17

Пішімдеуді аяқтаңыз.

X

Пішімделіп болғанда, экранда
[Форматирование карты памяти завершено/
Жад картасы пішімделді] хабары көрсетіледі.

z

m түймесін басыңыз.

Анық кескіндерді түсіру үшін алдымен ысырманы түсіру түймесін сəл ғана басып
(жартылай) дəлдеңіз, содан кейін толық басып, суретті түсіріңіз.

Жартылай басыңыз

(дəлдеу

мақсатымен сəл ғана).

z

Екі дыбыстық сигнал беріліп, камера
дəлденген нүктелерде автодəлдеу
жақтаулары пайда болғанша, ақырын басып
тұрыңыз.

Толық басыңыз

(сурет түсірілу үшін,

тақалғанша).

X

Камерадан ысырманың жабылған дыбысы
шығып, кадр түсіріледі.

z

Ысырма жабылуының дыбысы шыққанда
кадр түсірілетіндіктен,
камераны қозғалтпаңыз.

Жад картасын пішімдегенде немесе оның ішіндегі деректерді жойғанда,
файлдарды басқару деректері ғана өзгереді, яғни жад картасындағы
деректердің толық жойылатынына кепіл жоқ. Жад картасын тасымалдағанда
немесе қоқысқа тастағанда, абай болыңыз. Жад картасын қоқысқа тастағанда
жеке ақпаратыңыз ашылып қалмау үшін, сақтық шараларын орындаңыз,
мысалы, картаны физикалық түрде жойыңыз.

Пішімдеу экранында көрсетілетін жад картасының көлемі картада
көрсетілген мəннен аз болуы мүмкін.

Камера дұрыс істемей тұрғанда, жад картасынан деректерді оқу жəне оған
кескіндерді жазу, сериялық түсіру жылдамдығы азайғанда немесе бейне
фильмдер кенеттен тоқтағанда, жад картасына төмен деңгейлі пішімдеу
([Руководство пользователя камеры/Камера пайдаланушысының
нұсқаулығы]
қараңыз) əрекетін жасаңыз.

Ысырманы түсіру түймесін басу

Advertising