Ескерту, Арналғанмақсаты – Инструкция по эксплуатации Panasonic ES-LV95

Страница 72

Advertising
background image

72


Қа

зақ

ша

•Ұстараның сыртқы корпусын құбыр суына немесе сабынды суға

суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Еріткіш, бензин, алкоголь

немесе басқа химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

•Ұстараны қолданғаннан кейін құрғақ жерде сақтаңыз.

•Ұстараны немесе жуғыш затты тікелей күн сәулесі түсетін немесе

басқа қызу көздері әсер ететін жерлерде сақтамаңыз.

•Өзі тазаланатын қуаттау құрылғысы ішкі жүздер мен сыртқы

торшаны тазалайды. Құрылғының басқа жерлеріндегі қырқылған

шашты щеткамен тазалаңыз немесе сумен жуыңыз.

•Қоршаған ортаға байланысты ұстара тіпті “Кептіру” функциясын

қамтитын режим таңдалса да құрғамауы мүмкін. Бұл жағдайда су

тамшыларын құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.

ЕСКЕРТУ

Батареясұйықтығыақса,келесіпроцедураларды

орындаңыз�Батареяғаештеңекимегенқолдармен

тимеңіз�

- Көздерге тисе, батарея сұйықтығы соқырлыққа әкелуі мүмкін.

Көздеріңізді уқаламаңыз.

Таза сумен бірден жуыңыз және дәрігерге хабарласыңыз.

- Теріге немесе киімдерге тисе, батарея сұйықтығы қызаруға

немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.

Оны таза сумен мұқият жуыңыз және дәрігерге хабарласыңыз.

Арналғанмақсаты

•Мына ЫЛҒАЛ / ҚҰРҒАҚ режимді ұстара қырыну көбігін пайдаланып

ылғал қырынуға немесе құрғақ қырынуға мүмкіндік береді. Бұл су

өтпейтін ұстараны душта қолдануға және қырынып болған соң

сумен шайып тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі ваннада

немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.



Ескертпелер

•Кемінде үш апта көпіршікпен ылғал қырынуды пайдаланған соң өз

теріңіздің қаншалықты жақсарғанын байқайсыз. Панасоник ЫЛҒАЛ /

ҚҰРҒАҚ режимді ұстарасын қолдануды үйренуге біраз уақыт қажет,

себебі сіздің теріңіз бен сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне

үйренуіне шамамен бір ай уақыт керек қылады.

•Ішкі жүздерінің екеуі де салынғанын тексеріңіз. Ішкі жүздің біреуі

ғана салынған болса электр ұстарасы зақымдалу мүмкін.

•Ұстараны сумен тазалаған кезде, тұзды не ыстық суды

қолданбаңыз. Ұстараны ұзақ уақытқа суға батырып қалдырмаңыз.

Advertising