Инструкция по эксплуатации Samsung GE83MR

Страница 83

Advertising
background image

19

ҚАЗАҚША

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖЫЛДАМ ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫН

ҚОЛДАНУ

Автоматты түрде жылдам жібіту функциясы етті, құс етін, балық немесе жеміс/жидекті

жібітуге көмектеседі. Жібіту уақыты мен қуат мәні автоматты түрде орнайды.

Тек бағдарлама мен салмақты таңдасаңыз жеткілікті.

Тек микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.

Алдымен, мұздатылған тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті

жабыңыз.
1. Rapid Defrost (Жылдам жібіту) ( ) түймешігін бір

немесе бірнеше рет басып пісірілетін тағамның түрін

таңдаңыз. (Қосымша ақпарат алу үшін, келесі беттегі

кестеге қараңыз)

2. Тағамның салмағын кг және 100 г түймешігін басып

таңдаңыз.

Ең көбі 1500 г салмақты орнатуға болады.

3. Start (Бастау) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі:

Жібіту басталады.

Пеш тағам жібітудің орта тұсына

келгенде сигнал береді де, тағамды аударатын

уақыт келгенін хабарлайды.

Тағам жібітуді аяқтау үшін

Start (Бастау) ( )

түймешігін қайта басыңыз.

Сонымен қатар, тағамды қолдан жібітуге де болады. Ол үшін

микротолқынмен пісіру/қыздыру функциясын, 180 Вт қуат мәніне

қойып таңдаңыз. Қосымша ақпаратты 11-ші беттегі “Пісіру/Қыздыру”

тарауынан алыңыз.

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖЫЛДАМ ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫ

Келесі кестеде әртүрлі автоматты түрде жылдам жібіту бағдарламалары, тағамның

мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген.

Тағамды жібітудің алдында орам материалдарының барлығын алыңыз. Ет, құс еті,

балық, жеміс/жидекті керамика табаққа салыңыз.

Код

Тағам

Мөлшері Қоя тұру уақыты

Ұсыныстар

1 Ет

200-1500 г

20-90 мин

Шеттерін алюминий фольгамен

жабыңыз. Пеш сигнал берген кезде етті

аударыңыз.

Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк,

туралған ет, фаршталған етті пісіруге

жарайтын бағдарлама.

2 Құс еті

200-1500 г

20-90 мин

Сирақтары мен қанаттарының ұшын

алюминий фольгамен жабыңыз.

Пеш сигнал берген кезде құс етін

аударыңыз. Бұл бүтін тауықты да,

сонымен қатар бөлшектелген тауық

етін де пісіруге жарайтын бағдарлама.

3 Балық

200-1500 г

20-80 мин

Бүтін балықтың құйырығын алюминий

фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал

берген кезде балықты аударыңыз. Бұл

бүтін балықты да, балық филесін де

пісіруге жарайтын бағдарлама.

4 Жеміс/Жидек 100-600 г

5-20 мин

Жемістерді шыны табаққа біркелкі

таратып салыңыз. Тұмшапештен

сигнал естілген кезде жемістерді

араластырыңыз. Бұл жемістердің

барлық түрлеріне сай келетін

бағдарлама.

Тағамды қолдан жібіткіңіз келсе, 180 Вт қолдан жібіту функциясын

таңдаңыз. Қолдан жібіту және жібіту уақыты туралы қосымша

ақпаратты 27-ші беттен қараңыз.

GE83MR_BWT_DE68-04111A-01_KK.indd 19

2013-11-30 �� 7:45:04

Advertising