Газдалған су функциясын пайдалану, Газдалған су жасау, Газдалған су жасау уақыты – Инструкция по эксплуатации Samsung RF24HSESBSR

Страница 104: Газдалған су құйып алу

Advertising
background image

Газдалған су функциясын пайдалану

Sodastream CO

2

цилиндрін орнатқаннан кейін тоңазытқыш газдалған су (газ қосылған) су жасап

және оны бере бастайды.

Газдалған су жасау

Толтыру функциясын қосу үшін Quick Sparkling (Жылдам газдалған) түймешігін 3 секунд басып

ұстап тұрыңыз.

Егер Газдалған су функциясы сөнсе, Sparkling Water (Газдалған су) немесе Quick Sparkling

(Жылдам газдалған) түймешігін 3 секунд басып ұстап тұрып, қайта қосыңыз.

Функцияны қосқанда Газ концентрациясы деңгейінің индикаторы кезекпен жанады да (Деңгей-1

Деңгей-2 → Деңгей-3 → Деңгей-1, т.с.с.), бірнеше секунд ішінде тоңазытқыш газдалған су

жасау үдерісін бастайды. Жасап болғаннан кейін Газ концентрациясы деңгейінің индикаторы

кезекпен көрінуді тоқтатады.

Газдалған су жасау функциясын қосып қойсаңыз, Газдалған судың деңгейі төмендеген кезде

тоңазытқыш автоматты түрде Газдалған су жасау режиміне кіреді де, тағы су жасай бастайды.

Дегенмен, Газдалған су жасау функциясын сөндірсеңіз, Газдалған су сауытында шамалы ғана

су қалса да, тоңазытқыш қосымша газдалған су жасамайды.

OFF (СӨНДІРУ)

белгісі жоқ

Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін 3 секунд

басыңыз

Quick Sparkling (Жылдам газдалған) түймешігін 3

секунд басыңыз

Газдалған су жасау уақыты

Орнатылған Газ қосу (Газдалған) деңгейіне қарай (43 беттегі Газ қосу деңгейін басқару

тарауын қараңыз) тоңазытқыштың газдалған су жасайтын уақытының ұзақтығы өзгеріп тұрады.

Келесі кестеде газдалған су жасау уақыттарының тізімі Газ концентрациясының деңгейіне

қарай берілген.Тоңазытқыш зауыттан алдын ала 2-деңгейге қойылып жеткізіледі.

Газ концентрациясының

деңгейі

Деңгей 3 - Жоғары

Деңгей 2 –Орташа

Деңгей 1 -Төмен

Жылдам

Жасау уақыты

Шамамен 30 минут

Шамамен 20 минут

Шамамен 10 минут

10 минуттан аз

Қолжетімді сыйымдылығы

1,1 л

1,1 л

1,1 л

1,1 л

Газдалған су құйып алу

Газдалған су құйып алу үшін Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін басыңыз. Содан кейін,

Мұз/Газдалған су тетігін стаканыңызбен абайлап итеріңіз. Уақыт өте келе газдалған су құю

жылдамдығы өзгереді. Судың құрамындағы газдың дәмі қатты сезілген кезде құю жылдамдығы

жылдам болады. Судың құрамындағы газдың дәмі әлсіз екені сезілсе, құю жылдамдығы баяу

болады. Газдалған судың құрамындағы еріген CO

2

, су құйып алып жатқанда судың шашырап

кетуіне себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, Газдалған су сауытының ішіндегі қысымның

өзгеруіне байланысты су дірілдеп ағуы немесе ағып тұрған кезде кідіріп қалуы мүмкін.

Егер газдалған су құйып алуды жалғастырсаңыз, судың ағысы тұрақсыз болуы немесе үзіліп-

үзіліп барып ағуы мүмкін.

Бұл Газдалған су сауытының ішіндегі қысымның өзгеруіне байланысты. Бұл ақау емес.

Қазақша - 42

DA68-03022F-02.indb 42

2014. 6. 26. �� 1:31

Advertising