Тоңазыту аспабы – Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ МХ 5810
Страница 13
13
KAZ
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Өндіруші «АТЛАНТ» ЖАҚ
Победителей даң., 61, 220035, минск қ., Беларусь Республикасы;
www.atlant.by
ТОҢАЗЫТУ АСПАБЫ
Құрметті сатып алушы!
Тоңазыту аспабын сатып алу кезінде (тоңазытқышты-мұздатқышты, компрессиялық бір камералы тоңазытқышты) (бұдан
былай - тоңазытқыш) кепілдеме картасының дұрыс толтырылуын, оны сатқан ұйымның мөртабанының болуын және үзбелі
талондардағы сатылған күнді тексеріңіз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығып, Сіз тоңазытқышты дұрыс
пайдалана аласыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты тоңазытқыштың күллі қызмет ету мерзімі бойы сақтаңыз.
Тоңазытқыш Украина министрлері Кабинетінің 2008 ж. 3 желтоқсаны күнгі №1057 қаулысымен бекітілген, электр және
электронды жабдықта кейбір қауіпті заттарды пайдалануды шектеудің Техникалық регламенті талаптарына сәйкес келеді.
Регламенттелген зиянды заттардың пайыздық мөлшері Техникалық регламентпен анықталған нормативтерден аспайды.
«АТЛАНТ» ЖАҚ бұйымдарын әзірлеу және өндіру сапа менеджменті жүйесі СТБ ISO 9001-2009 талаптарына сәйкес келеді
және №BY/112 05.01. 002 00014 нөмірімен БР Сәйкестікті растаудың Ұлттық жүйесі тізілімінде тіркелген.
1 Ж А Л П Ы м Ə Л І м Е Т Т Е Р
1.1 Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасы бар,онда
тоңазытқышты басқару және оны пайдалану ерекшеліктері ту-
ралы ақпарат көрсетілген. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
тоңазытқыштардың әртүрлі үлгілері үшін әзірленген.
Тоңазытқыш үлгісіндегі соңғы сандар (шартты түрде «-ХХ»
немесе «-ХХХ») кепілдеме картада және жаңа азық-түліктерді
сақтауға арналған камера (бұдан былай - ТК) ішінде сол жақта
орналасқан тозаңдатқыш табличкасында көрсетілген, орындау
нөмірін көрсетеді. Тоңазытқыштың орындаулары сыртқы беттерді
жабу материалымен, түстік шешімдерімен, энерготиімділік кла-
сымен ерекшеленеді.
1.2 Тоңазытқыш үй жағдайында және соған ұқсас жағдайда,
атап айтқанда мына орындарда пайдалануға арналған:
— дүкен, кеңсе және тағы басқа қызмет жайларында
қызметкерлердің тамақтануына арналған орындарда;
— шаруа (фермерлік) қожалықтарында; қонақ үйлер мен
уақытша тұру бөлмелерінде;
— таңғы асты ұсынатын қонақ үйлерде;
— қоғамдық тамақтану орындарында және көтерме сауда
орындарында.
Тоңазытқышты жатын жайларда пайдалану ұсынылмайды.
Тоңазытқыштың жұмысы қызметтік шуылдармен және дыбыстар-
мен ілесетіндігін ескерген жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқышты пайдаланған жөн
жай бұйымдағы 8 г хладагентіне R600а кем дегенде 1 м
3
есебіне тәуелді көлемге ие болуы тиіс. Хладагент салмағы
тоңазытқыштыңоңазытқыштың табличкасында көрсетілген.
1.3 Тоңазытқышты пайдалану қажет:
— қосымшада көрсетілген қоршаған орта температурасы
кезінде;
— кернеу номиналдыдан ±10 %-ға ауытқыған уақытта номи-
налды кернеудің 220-230 В диапазонында және ауыспалы тоқтың
электр желісінің (50±1) Гц жиілігінде;
— қатысты ылғалдылық 75 % артық емес.
Пайдаланудың басқа шарттары кезінде тоңазытқыштың
жылуэнергетикалық сипаттамалары өндіруші көрсеткендерге
сәйкес келмеуі мүмкін.
1.4 Жеткізу жиынтығына кіреді: жинақтаушы бұйымдар,
қосымшасы бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сервистік
ұйымдар тізімі, тоңазыту аспаптарының энергетикалық тиімділік
этикеткасы (бұдан былай - этикетка), этикетка түбірі бар
кепілдеме картасы.
Тоңазытқыштың техникалық сипаттамаларының мәндері эти-
кетка түбірінде орналастырылған. Этикетка түбірін кепілдеме
картасынан қиып алып және этикеткадағы техникалық сипат-
тамалармен салыстырған жөн.Кепілдеме картада кестелер-
де тоңазытқыштың басқа техникалық сипаттамалары және
жинақтаушылар саны туралы ақпарат орналастырылған.
1.5 Өндіруші, тоңазытқыштың негізгі техникалық сипатта-
маларын өзгертусіз қалдыра отырып, оның конструкциясын
жетілдіре алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) пайдалану не-
месе оны сақтау шарттарын бұзу, жеңілмейтін күш әсері
(өрт, табиғат апаттары және т.б.), үй жануарлары, жәндіктер
және кеміргіштер әсері салдарынан орын алған бұйымның
ақаулықтары және зақымданулары үшін жауапкершілік
жүктемейді (оның ішінде, кепілдеме кезеңінде де).
2 Қ А У І П С І З Д І К ТА Л А П ТА Р Ы
2.1 Тоңазытқыш – электротұрмыстық аспап, сондықтан оны
пайдаланған уақытта электроқауіпсіздіктің жалпы ережелерін
сақтау қажет.
2.2 Аспап қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауында бол-
маса немесе аспапты қолдану туралы нұсқау алмаса, дене мүшесі
мен сезімінде ақау бар не ақыл-ой қабілеті төмен адамдардың (ба-
лаларды қосқанда) немесе олардың өмірлік тәжірибесі не білімі
болмаған жағдайда қолдануына арналмаған.
Балалар аспаппен ойынаудың алдын-алу үшін бақылауда
болулары тиіс.
2.3 Электр тоғымен зақымданудан қорғаныс түрі бойынша
тоңазытқыш I класқа жатады және электр желісіне жерге қосушы
контакті бар екі полюсті розетка арқылы қосылуы тиіс.
Жерге қосушы контактісі бар розетканы орнату үшін білікті
электрикке хабарласу қажет. Розетка тоңазытқышты сыртқы
электр желісінен шұғыл ажырату үшін қол жетімді орынға орна-
ластырылуы тиіс.
Жерге қосуды газ, жылыту, су құбыры немесе кәріз жүйесінің
жеке сымымен салуға
ТЫЙЫм САЛЫНАДЫ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы)денсаулыққа
және мүлікке келтірілген залал үшін жауапты болмайды,
егер ол қосуға көрсетілген талаптарды сақтамау салдары-
нан болса.
2.4 Тоңазытқышты электр желісіне қосар алдында
қоректендіру бауы мен ашаның зақымдануларының жоқ екендігін
көзбен тексеру қажет. Қоректендіру бауы зақымданған уақытта
оны өндірушіден немесе сервистік қызметтен алынған ұқсас ба-
умен ауыстырған жөн.
2.5 Тоңазытқышты электр желісінен қоректендіру бауы ашасын
розеткадан шығара отырып келесі жағдайларда ажырату қажет:
— тоңазытқышты тазалау;
— жарықтандыру шамын ауыстыру;
— ұзақ уақытқа кету (14 күннен көп);
— оны басқа орынға қою;
— оның астындағы еденді жуу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш жұмысы кезінде ком-
прессор қызады және оған тиіп кету кезінде күю себебі бо-
луы мүмкін.
2.6 Тоңазытқыштың салқындату жүйесінде хладагент
изобутан (R600а)бар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш жүйесі
контурларының бұзылуына жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еріту процесін жедел-
дету үшін механикалық құрылғыларды немесе
басқа да құралдарды қолданбаңыз.
Тоңазытқышты пайдалану нұсқаулығында ұсынылмаған
қырау кетіру заттары мен құрылғыларын пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш ішінде электр аспап-
тарын қолданбаңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Тоңазытқыш жүйесінің контуры
- МХМ 2808 МХМ 2835 МХМ 2826 МХМ 2819 МХ 2822 МХ 2823 МХМ 1845 МХМ 1848 МХМ 1843 МХМ 1847 МХМ 1842 ХМ 4012 ХМ 6001 ХМ 6002 ХМ 6019 ХМ 6020 ХМ 6021 ХМ 6023 ХМ 6024 ХМ 6025 ХМ 6026 ХМ 4011 ХМ 4008 ХМ 4010 ХМ 4013 ХМ 4009 ХМ 5013 ХМ 5010 ХМ 5012 ХМ 5014 ХМ 6224 ХМ 5015 ХМ 4112 ХМ 4109 ХМ 6221 ХМ 4092 ХМ 5091 ХМ 4108 ХМ 6094 ХМ 4098 ХМ 6095 ХМ 6124 ХМ 5094 ХМ 5096 ХМ 6091 ХМ 6096 ХМ 4214 ХМ 6325 ХМ 6323 ХМ 4725 ХМ 6319 ХМ 6321 ХМ 4721 ХМ 4723 ХМ 6324 ХМ 4712 ХМ 4724 ХМ 4021 ХМ 4023 ХМ 4024 ХМ 4025 ХМ 4026 ХМ 4421 N ХМ 4521 N ХМ 4425 N ХМ 4521 ND ХМ 4208 ХМ 4209 ХМ 4210 ХМ 4423 N ХМ 5124 F ХМ 4524 N ХМ 4524 ND ХМ 4726 ХМ 3101 ХМ 4424 N ХМ 4426 N ХМ 4713 ХМ 4711 ХМ 4710 ХМ 4709 ХМ 4708