Инструкция по эксплуатации Sony BDV-N8100W

Страница 83

Advertising
background image

9

KZ

• Жүйені жəне дисктерді

микротолқынды пештер немесе үлкен
динамиктер сияқты қатты магнитті
құрылғылардан алыс ұстаңыз.

• Жүйеге ауыр заттарды қоймаңыз.
• Алдыңғы тақтаның алдына металл

заттар қоймаңыз. Ол радио толқындарды
қабылдауды шектеуі мүмкін.

• Жүйені медициналық жабдық

пайдаланылатын жерге
орналастырмаңыз. Ол медициналық
жабдықтың нашар жұмыс істеуіне
себеп болуы мүмкін.

• Егер кардиостимулятор немесе басқа

медициналық құрылғы пайдаланылса,
сымсыз LAN функциясын
пайдаланбастан бұрын дəрігеріңізбен
немесе медициналық құрылғы
өндірушісімен ақылдасыңыз.

Жұмыс кезінде

Егер жүйе суық жерден жылы жерге
бірден əкелінсе немесе өте ылғал
бөлмеге қойылса, негізгі құрылғының
ішіндегі линзаларда ылғал пайда болуы
мүмкін. Солай болған кезде жүйе дұрыс
істемеуі мүмкін. Мұндай жағдайда
дискіні шығарып, ылғал кепкенше жүйені
бір жарым сағатқа сөндіріп қойыңыз.

Дыбыс деңгейін реттегенде

Дыбыс деңгейі өте төмен немесе
дыбысы жоқ бөлімдерді тыңдағанда
дыбыс деңгейін жоғарылатпаңыз. Егер
жоғарылатсаңыз, ең жоғарғы деңгейін
бірден ойнатқан кезде динамиктер
зақымдалуы мүмкін.

Тазалаған кезде

Корпусты, тақтаны жəне басқару
құралдарын жуғыш құрал ерітіндісімен
аздап суланған жұмсақ матамен
тазалаңыз. Ысқышты, тазалағыш ұнтақты
немесе спирт не бензин сияқты ерітіндіні
пайдаланбаңыз.

Дискілерді тазалағанда,

диск/линза тазалағыштар

Тазалайтын дискілерді немесе диск/
линза тазалағыштарды (оның ішінде
дымқыл не спрей түрлерін)
пайдаланбаңыз. Олар құрылғының
дұрыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.

Бөлшектерді ауыстырған

кезде

Бұл жүйені жөндеген кезде
ауыстырылған бөлшектерді қайта
пайдалану немесе кəдеге жарату
мақсатымен сақтап қоюға болады.

ТД түсінде

Динамиктер ТД экранында түстер
тұрақсыздығын тудырса, ТД өшіріп,
15-30 минуттан кейін қайта қосыңыз.
Егер түстер тұрақсыздығы жойылмаса,
динамиктерді ТД жинағынан алыс
қойыңыз.

Жүйені жылжыту кезінде

Жүйені жылжытудан бұрын енгізілген
диск жоқ екеніне көз жеткізіңіз жəне
айнымалы ток сымын (электр сымы)
қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ
Сақтық шара: Бұл жүйе қатырылған
бейнекескінді немесе экрандағы
кескінді ТД экранында шексіз ұстап
тұра алады. Егер қатырылған
бейнекескінді немесе экрандағы
кескінді ТД-да ұзақ уақыт қалдырып
қойсаңыз, ТД экранына қалпына
келтіре алмайтын зақым келтіру қаупі
бар. Плазмалық теледидарлар мен
проекциялық теледидарлар əсіресе
осындайға бейім келеді.

Advertising