Инструкция по эксплуатации Sony BDV-N8100W

Страница 81

Advertising
background image

7

KZ

Соңғы пайдаланушы

лицензиясы туралы ақпарат

Gracenote

®

соңғы

пайдаланушысы туралы
лицензиялық келісім

Бұл қолданба немесе құрылғы
Калифорнияның Эмеривилл қаласындағы
Gracenote, Inc. корпорациясы (“Gracenote”)
берген бағдарламалық құралды қамтиды.
Gracenote берген бағдарламалық құралы
(“Gracenote бағдарламалық құралы”) бұл
қолданбаға дискіні жəне/не файлды
анықтауға жəне музыкаға қатысты ақпаратты,
оның ішінде атау, орындаушы, трек жəне
тақырып туралы ақпаратты (“Gracenote
деректері”) онлайндық серверлерден немесе
ендірілген дерекқорлардан (бірге “Gracenote
серверлері”) алуға жəне басқа функцияларды
орындауға мүмкіндік береді. Сіз Gracenote
деректерін осы қолданбаның немесе
құрылғының соңғы пайдаланушыға арналған
функцияларымен пайдалануға құқылысыз.
Сіз Gracenote деректерін, Gracenote
бағдарламалық құралын жəне Gracenote
серверлерін тек жеке коммерциялық емес
мақсатқа пайдалануға келісесіз. Сіз Gracenote
бағдарламалық құралын немесе Gracenote
деректерін тағайындамауға, көшірмеуге
бермеуге немесе үшінші тарапқа бермеуге
келісесіз. СІЗ ОСЫ ҚҰЖАТТА НАҚТЫ
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙДАН БАСҚА
КЕЗДЕ GRACENOTE ДЕРЕКТЕРІН,
GRACENOTE БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚҰРАЛЫН НЕМЕСЕ GRACENOTE
СЕРВЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНБАУҒА
НЕМЕСЕ ҚОЛДАНБАУҒА КЕЛІСЕСІЗ.

Бұл шектеулер бұзылған жағдайда сіз
Gracenote деректерін, Gracenote
бағдарламалық құралын жəне Gracenote
серверлерін пайдалану туралы ерекше
емес лицензияның тоқтатылуына келісесіз.
Егер лицензияңыз тоқтатылса, сіз Gracenote
деректерінің, Gracenote бағдарламалық
құралының жəне Gracenote серверлерінің
кез келген жəне толығымен пайдаланылуын
тоқтатуға келісесіз. Gracenote корпорациясы
Gracenote деректеріне, Gracenote
бағдарламалық құралына жəне Gracenote
серверлеріне қатысты барлық құқықты,
оның ішінде барлық меншік құқығын
өзінде қалдырады. Ешқандай жағдайда
Gracenote сіз беретін ақпарат үшін сізге
ақы төлеуге жауапты болмайды. Сіз
Gracenote, Inc. корпорациясының осы
Келісім бойынша сізге қатысты
құқықтарын тікелей өз атынан күшінде
сақтай алатынына келісесіз.
Gracenote қызметі статистикалық мақсаттар
үшін сұрауларды қадағалауға бірегей
анықтауышты пайдаланады. Еркін
тағайындалған сандық анықтауыштың
мақсаты Gracenote қызметіне сіз туралы
ештеңе білмей-ақ сұрауларды санауға
мүмкіндік беру болып табылады. Қосымша
ақпарат алу үшін Gracenote қызметіне
арналған Gracenote құпиялық саясатына
арналған веб-бетті қараңыз.

Advertising