Ішкі бөліктерін алу, Тоңазытқышты тазалау, Жарық диодты шамды ауыстыру – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS

Страница 120

Advertising
background image

18_

Пайдалану

• Тоңазытқыштың есігі ашық тұрғанда жарық диодты

шам үнемі қосулы тұрады да, есік жабық тұрғанда
шам жүйелі түрде өшіп-жанып тұрады.

Егер қысқы уақытта тоңазытқыш камерасының
температурасын 1ºC деп белгілесеңіз, ұзақ
уақыт бойы сақталған көкөніс пен жеміс-жидек
үсіп кетуі мүмкін.

ІШКІ БӨЛІКТЕРІН АЛУ

Сөрелер

Сөрелерді екі қолыңызбен
абайлап көтеріңкіреп,
өзіңізге қарай тартыңыз.
(Шыны сөре/жиналмалы
сөре)

Есік қоршауы

Есік қоршауын алу
үшін оларды екі
қолыңызбен мықтап ұстап
көтеріңкіреңіз.

Суға арналған ыдыс

Суға арналған ыдысты алу
үшін оны екі қолыңызбен
мықтап ұстап, өзіңізге қарай
көтеріңкіреңіз.

Кейбір үлгілерде суға
арналған ыдыс болмауы
мүмкін.

Жылжымалы жәшіктер

Жәшіктерді шығару
үшін оларды толығымен
қозғалтып көтеріңкіреңіз.
(жылжымалы Fresh
Safe жәшігі, Cool Select
Zone жәшігі, салқындату
бөлігінің жәшігі, қатыруға
арналған жәшіктер).

Cooler Zone аймағы

Cooler Zone аймағы қақпағының артқы сол жағында
және артқы оң жағында орналасқан шығып тұрған
жерді басып құлыпты ашыңыз.
Өзіңізге қарай тартып қақпақты алыңыз.

Электр энергиясын тұтынуды оңтайлы ету
үшін сөрелерді, жәшіктерді және себеттерді
15 беттегі суретте көрсетілгендей бастапқы
орындарында қалдырыңыз.

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ

Тазалау кезінде бензол, еріткіш немесе
Clorox™ пайдаланбаңыз. Бұл құралдар
құрылғының бетін зақымдауға немесе

өрттің шығу қаупіне әкеп соғуы мүмкін.

Желіге қосылып тұрған тоңазытқышқа
су шашпаңыз – бұл электр тогымен
зақымдануға әкеп соғуы мүмкін.

Тазалау кезінде бензол еріткішін
немесе автомобильдің жуу құралын
пайдаланбаңыз – бұл өрттің шығуына әкеп
соғуы мүмкін.

ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМДЫ
АУЫСТЫРУ

Егер ішкі немесе сыртқы жарық диодты шам істен
шықса, шамның қақпағы мен жарық диодты шамды
өздігіңізше ашпаңыз.

Қызмет көрсету орталығының көмегіне
жүгініңіз.

АБАЙЛАҢЫЗ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Advertising