Тоңазытқышпен жұмыс істеу, Басқару панелімен танысу, Басқару панелін қолдану (а типі) – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS

Страница 115: Тоңазытқыш, Мұздату камерасы

Advertising
background image

02
ПАЙДАЛАНУ

Пайдалану

_13

БАСҚАРУ ПАНЕЛІМЕН
ТАНЫСУ

Түймешелерді әрбір рет басқан сайын қысқа
дыбыстық дабыл беріледі.

БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ҚОЛДАНУ
(А ТИПІ)

1

Тоңазытқыш

1ºC-тан 7ºC-қа дейінгі диапазондағы
тоңазытқышқа қажетті температураны
белгілеу үшін Тоңазытқыш
түймешесін басыңыз. Өздігінше 3ºC температура
белгіленген. Тоңазытқыш түймешесін әрбір рет
басқан сайын температура өзгеріп, индикатор қажетті
температураны көрсетеді.

Температураны белгілегеннен кейін бес секунд бойы
көрініп тұрады, содан кейін индикатор тоңазытқыштың
ағымдағы температурасын көрсетіп тұрады.

2

Мұздату камерасы

-14ºC-тан -25ºC-қа дейінгі
диапазондағы мұздату камерасының
қажетті температурасын белгілеу
үшін Мұздату камерасы түймешесін
басыңыз. Өздігінше -20ºC температура белгіленген.
Мұздату камерасы түймешесін әрбір рет басқан
сайын температура өзгеріп, индикатор қажетті
температураны көрсетеді.

Температураны белгілегеннен кейін бес секунд
бойы көрініп тұрады, содан кейін индикатор мұздату
камерасының ағымдағы температурасын көрсетеді.

Камералардың біреуіндегі температура аяқ
астынан көтерілгенде тоңазытқыш немесе
мұздату камерасының температура индикаторы
жыпылықтайды, оның себебі – азық-
түліктерді ыстық күйінде салу немесе есігін
жиі ашу болуы мүмкін. Тоңазытқыш немесе
мұздату камерасының ішіндегі температура
бірқалыптанғанда, температура индикаторы
жыпылықтауын қояды. Егер температураның
индикаторы бірнеше сағат бойы жыпылықтауын
қоймаса, қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.

3

Жарық (дыбыстық хабарламаны қосу

үшін 3 секунд бойы басып тұрыңыз)

Тоңазытқыш есігінің астындағы жарық
қызметін іске қосу үшін Жарық
түймешесін басыңыз. Қызметтің бұл
түрі өшірілмейінше жарық қосулы
тұрады. Жарықтың жарықтылығын
реттеу қажет болса, Жарық түймешесін тағы бір рет
басыңыз. (Жарықтың жарықтылығын реттеу қызметі
кейбір үлгілерде болмауы мүмкін). Жарықты өшіру үшін
Жарық түймешесін үш секундтан астам басып тұрыңыз.

Дыбыстық хабарлама қызметін іске қосу үшін
Жарық түймешесін үш секундтан астам басып
тұрыңыз. Дыбыстық хабарлама индикаторы жанады.
Тоңазытқыштың есігі екі минуттан астам ашық
тұрса, дыбыстық хабарлама беріледі. Дыбыстық
хабарлама қызметін өшіру үшін Жарық түймешесін
үш секундтан астам басып тұрыңыз.

• Жарық қосулы: жарық үнемі жанып тұрады.

• Жарық өшірулі: тоңазытқыш есігі жабық

тұрып, мұздату камерасының есігі ашылса,
жарық жанады.

Тоңазытқышпен жұмыс істеу

(А ТИПІ)

4

5

1

2

3

(B ТИПІ)

2

1

Жарық өшірулі

Жарық қосулы

(жап-жарық)

Жарық қосулы

(орташа)

Жарық қосулы

(күңгірт)

Advertising