Қауіпсіздік туралы ақпарат, Орнату кезіндегі қатаң ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS

Страница 104

Advertising
background image

2_

Қауіпсіздік туралы ақпарат

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

• Құрылғыны іске қоспас бұрын осы нұсқаулықпен

танысып, болашақта анықтамалық мәлімет алу
үшін сақтап қойыңыз.

• Бұл құрылғыны осы нұсқаулықта сипатталған

мақсатына сай қолданыңыз. Дене, сезім
қабілеттері шектелген және ақыл-есі кем
(балаларды қоса алғанда), сондай-ақ тиісті
тәжірибесі немесе білімі жоқ тұлғалардың
пайдалануына арналмаған; мұндай адамдарға
тиісті түрде бақылау болған кезде немесе алдын
ала олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар
оқытқаннан кейін ғана пайдалануға жол беріледі.

• Бұл нұсқаулық бірден бірнеше үлгілерге

қатысты болғандықтан, бұл тоңазытқыштың
кейбір қызметтері төменде сипатталатындардан
ерекшеленуі мүмкін.

Қауіпсіздіктің ескерту белгілері мен
сақтандыру шаралары:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Дұрыс пайдаланбау ауыр
жарақаттануға немесе өлімге әкеп
соғуы мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Дұрыс пайдаланбау жарақаттануға
немесе мүліктің бұзылуына әкеп
соғуы мүмкін.

Бұл әрекетті істеуге тыйым
салынған.

Бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ.

Ұстауға БОЛМАЙДЫ.

Нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз.

Қуат алатын шнурдың айырын
розеткадан суырыңыз.

Электр тогымен зақымданбас үшін
құрылғының жерге қосылғанына
көз жеткізіңіз.

Анықтама алу үшін қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз.

Ескерту.

Бұл шартты белгілер мен олардың мағыналары
құрылғыны пайдаланушыларды жарақат алудан
алдын ала сақтандыруға арналған.
Нұсқаулықты мұқият ұстаныңыз.
Осы құжатпен танысқаннан кейін, оны келешекте
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

ЕО талаптарына сәйкестік туралы
хабарлама

Өнім Еуропа Одағының Ережелерімен (EC) No
643/2009 қадағаланатын Волті Кем Құрылғылар
Нұсқауына (2006/95/EC), Үйлесімді Элетромагниттік
Құрылғылар нұсқауына (2004/108/EC) және Эко-
дизайн Нұсқауына (2009/125/EC) сәйкес жасақталған.

ОРНАТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТАҢ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Тоңазытқышты ылғалды немесе су тиетін
орынға орнатпаңыз.

- Электр бөліктерінің оқшаулануының зақымдануы

электр тогымен зақымдануға немесе өрт шығуға
әкеп соғады.

• Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түсетін,

сондай-ақ пеш, бөлме жылытқышы немесе
басқа құрылғылардан жылу тарайтын жерлерге
орнатпаңыз.

• Бірнеше құрылғыны бір желі сүзбесіне

қоспаңыз. Тоңазытқыш жұмыс кернеуі зауыттық
кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес келетін
жеке розеткаға қосылуы тиіс.

- Бұл құрылғының тиімді жұмыс істеуін

қамтамасыз етеді әрі үйдегі электр жүйесіне
күш түсіп, сымдардың қатты қызуынан өрт
шығуға себеп болатын жағдайлардың алдын
алады.

• Қуат алатын шнурдың айырын қабырғаға

бекітілмеген розеткаға тықпаңыз.

- Олай болмаған жағдайда өрт шығу немесе электр

тогымен зақымдану қаупі бар.

• Қуат алатын шнурдың ұзына бойында немесе

оның шет-шеттерінде зақымданған іздер болса
пайдаланбаңыз.

• Желі шнурға ауыр заттар қоймаңыз және қатты

майыстырмауға тырысыңыз.

• Тоңазытқыштың қасында тұрып аэрозоль

шашпаңыз.

- Аэрозоль баллондарын тоңазытқыштың қасында

тұрып пайдалану жарылыстың немесе өрттің
шығуына әкеп соғуы мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Advertising