Қолдану кезіндегі ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS

Страница 106

Advertising
background image

4_

Қауіпсіздік туралы ақпарат

• Еріту барысын жылдамдату үшін дайындаушы

ұсынған аспаптардан басқа қандай да бір
механикалық аспаптарды немесе тәсілдерді
пайдаланбаңыз.

• Хладагент контурының зақымдануына жол

бермеңіз.

• Тоңазытқышты өз бетіңізше бөлшектемеңіз
және жөндемеңіз.

- Олай болмаған жағдайда өрт шығу, тоңазытқыш

жұмысының бұзылу және жарақат алу қаупі бар.

• Балалардың құрылғымен ойнауына жол
бермеңіз.

• Бөтелкелер тоңазытқыштан құлап қалмас үшін

оларды бір-біріне тығыз орналастырыңыз.

• Бұл құрылғы азық-түліктерді үй жағдайында

сақтауға арналған.

• Газдың шығуы байқалған жағдайда, ашық оттың

барлық көздері мен өртенуі ықтимал заттарды
шығарыңыз, содан кейін құрылғы тұрған бөлмені
бірнеше минут бойы желдетіңіз.

• Дайындаушы немесе қызмет көрсету

орталығының қызметкерлері ұсынған жарық
диодты шамдарды ғана пайдаланыңыз.

• Егер химикалидің иісін немесе түтінді
сезсеңіз, дереу қуат алатын шнурдың айырын

розеткадан суырып, Samsung қызмет көрсету
орталығына жүгініңіз.
• Жарықтандыру шамын ауыстырған кезде

қиындықтар болған жағдайда қызмет көрсету
орталығының қызметкерлеріне хабарласыңыз.

• Егер құрылғы жарық диодты шаммен

жабдықталса, шамның қақпағы мен жарық
диодты шамды өз бетіңізше бөлшектемеңіз.

- Қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне

жүгініңіз.

• Тоңазытқышқа су тиіп немесе шаң басқан

жағдайда қуат алатын шнурдың айырын
розеткадан суырып, Samsung Electronics қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз.

- Олай болмаған жағдайда өрт шығу қаупі бар.

ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Тоңазытқышты розеткадан суырып
тастағаннан кейін бес минуттан соң ғана

қайта қосуға болады.
Тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
тоңазытқышты босатып, қуат алатын шнурды
суырып тастау керек.
- Оқшаулағыш материалдың бүлінуі өрттің

шығуына әкеп соғуы мүмкін.

• Тоңазытқыштың ішіндегі артық суды сүртіп

алып, есігін ашық қалдырыңыз.

- Олай болмаған жағдайда жағымсыз иіс пайда

болып, көгеріп кетуі мүмкін.

• Құрылғының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз

ету үшін төмендегі нұсқаулықтарды орындаңыз.

- Азық-түліктерді құрылғының артқы жағындағы

панельдің желдеткіш тесіктеріне тақап қоймаңыз
– бұл тоңазытқыштағы ауаның еркін айналуына
кедергі болуы мүмкін.

- Азық-түліктерді тоңазытқышқа қоймас бұрын

оларды тығыздап ораңыз немесе герметикалық
ыдыстарға салыңыз.

• Толығымен жібіген азық-түлікті қайта

мұздатпаңыз. Газдалған немесе аралас сусындарды
мұздату камерасына салмаңыз. Бөтелке немесе
шыны ыдыстарды мұздату камерасына салмаңыз.

- Шыны ыдыстың ішіндегіні мұздатқан кезде шыны

жарылып кетіп, жарақаттауы мүмкін.

• Кепілдікпен жөндеу және модификациялау.
- Үшінші жақпен орындалған кез келген

құрастырылып біткен бұл құрылымды өзгерту
немесе модификациялау Samsung компаниясының
кепілдік міндеттемелерін қамтымайды. Samsung
компаниясы үшінші жақпен орындалған
модификациялаумен байланысты қауіпсіздік
мәселелері бойынша жауапты емес.

• Желдеткіш тесіктерге кедергі келтірмеңіз.
- Егер желдеткіш тесік, әсіресе пластик

қапшықтармен жабық тұрса, бұл тоңазытқыштың
қатты салқындауына әкеп соғуы мүмкін.
Қатты салқындаудың ұзаққа созылуы су сүзгісінің
бұзылуына әкеп соғып, су ағып кетуі мүмкін.

- Балғын азық-түліктерді мұздатылған азық-

түліктердің жанына қоймаңыз.

• Мұздатылған азық-түліктердің сақтау және

жарамдылық мерзімін сақтаңыз.

• Егер мұздату үш аптадай уақыт пайдаланылмаса,

қуат алатын шнурды розеткадан суырмай-ақ қоюға
болады. Бірақ, егер сіз бұдан да көп уақыт үйде
болмауды жоспарласаңыз, барлық азық-түлікті
мұздату камерасынан шығару қажет. Мұздату
камерасын өшіріп, тазалап, жуып кептіріңіз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Advertising