Бірінші қолданғанға дейін – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZOB484

Страница 6

Advertising
background image

Пеш жабдықтары

Тұмшапеш сөресі

Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.

Тегіс пісіру науасы

Торттар мен печеньелерге арналған.

Қуыруға арналған шұңғыл таба

Пісіру жəне қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.

Бұрылмалы істік

Еттің үлкен кесектері мен құс етін
қуыруға арналған.

Бірінші қолданғанға дейін

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.

Құрылғыны пайдаланар алдында
тұмшапештің ішіндегі жəне

сыртындағы орам материалдарының
барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,

тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.

Уақытты орнату

Тұмшапеш тек уақыт қойылған соң
ғана жұмыс жасайды.

Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
индикаторы автоматты түрде жыпылықтай
бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не " - "
түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тəулік уақыты көрсетіледі.

Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтық немесе Аяқтау

) қатар орнатпау керек.

Алғашқы тазалау

• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың

барлығын алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар

алдында тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды

қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.

Алдын ала қыздыру

1. Функцияны жəне ең үлкен

температураны орнатыңыз.

2. Пешті шамамен 1 сағат тағам қоймай

іске қосып қойыңыз.

3. Функцияны жəне ең үлкен

температураны орнатыңыз.

4. Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай

іске қосып қойыңыз.

5. Функцияны жəне ең үлкен

температураны орнатыңыз.

6. Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай

іске қосып қойыңыз.

Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды
жағу үшін керек. Керек-жарақтар
əдеттегіден ыстығырақ болады.
Құрылғыны бірінші рет алдын ала
қыздырған кезде, одан иіс пен түтін шығуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
айналымының жеткілікті екенін тексеріңіз.

6

Advertising