Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZOB484

Страница 10

Advertising
background image

3. Бұрылмалы істікке бірінші шанышқыны

орнатыңыз.

4. Гриль жасағыңыз келген тағамды

салыңыз.

5. Екінші шанышқыны салыңыз.

Шанышқыларды бұрандалармен
қатайтыңыз.

6. Істіктің ұштығын бұрылмалы істікке

арналған саңылауға орнатыңыз ("Өнім
сипаттамасы" тарауына қараңыз).

7. Істіктің алдыңғы бөлігін істіктің

жақтауына қойыңыз.

8. Ұстағышты алыңыз.
9. Тұмшапештің функциясы мен

температурасын орнатыңыз ("Пісіру
кестелері" тарауын қараңыз).

Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.

• Пештің сөре қойылатын төрт қатары

бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.

• Түрлі тағамдарды пештің екі қатарына

қойып, бір мезгілде пісіруіңізге болады.
Сөрелерді 1-ші жəне 3-ші қатарға
қойыңыз.

• Құрылғы ауаны үздіксіз айдап жəне буды

тұрақты айналдырып отыратын арнайы
жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тамақты булы ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, сыртын
кітірлек етіп пісіруге болады. Бұл жүйе
тамақ пісіретін уақыт пен қуат шығынын
барынша азайтады.

• Құрылғының ішіне немесе есігінің

шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісірген кезде
құрылғы есігін əрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін
құрылғыны тағам пісірмей тұрып 10
минуттай қыздырып алыңыз.

• Құрылғыны пайдаланып болған сайын

ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.

• Заттарды құрылғының табанына тура

қоймаңыз жəне тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нəтижесіне əсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

Торттарды пісіру

• Торт пісіруге 150°C мен 200°C

аралығындағы температура тамаша сай
келеді.

• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут

қыздырып алыңыз.

• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше

пештің есігін ашпаңыз.

• Бір уақытта екі пісіру сөресін

пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.

Балық пен етті пісіру

• Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті

пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте
кебір болып піседі.

• Қызыл еттің сырт жағын əбден, ішін

сөлімен пісіру үшін температураны 200
°C-250 °C аралығында орнатыңыз.

• Үй құсының еті не балық тəрізді ақ етті

пісіру үшін температураны 150°C - 175
°C аралығында орнатыңыз.

10

Advertising