Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат, Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZWH 6120 V

Страница 3

Advertising
background image

• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны

іске қосуды ұсынамыз.

• Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның

бақылауынсыз орындамауға тиіс.

Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,

ашасын розеткадан суырыңыз.

• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама

кестесі" тарауын қараңыз).

Қауіпсіздік нұсқаулары

Орнату
• Орам материалдарының жəне тасымал

тетіктерінің барлығын алыңыз.

• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.

Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе

іске қоспаңыз.

• Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен немесе ауа-райы əсер
ететін жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,

орнықты, қызуға төзімді жəне таза
болуын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын

жерге орнатпаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай

болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.

• Құрылғы мен еден арасында ауаның

айналуын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті

орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі

бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.

• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден

сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш

сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына жəне сымына

зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету орталығы
жүзеге асыруға тиіс.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.

3

www.zanussi.com

Advertising