Күту менен тазалау – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZWH 6120 V

Страница 13

Advertising
background image

жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.

Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш
зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады.
Дақ пен матаның түріне сай келетін
арнайы дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
• Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш

заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз.

• Əр түрлі жуғыш заттарды

араластырмаңыз.

• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін

жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.

• Осы заттардың орамында көрсетілетін

нұсқауларды орындаңыз.

• Матаның түріне жəне түсіне,

бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.

• Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз,

алдын ала жуу циклін орнатпаңыз.

• Егер құрылғының жуғыш зат

үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.

Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада
су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты
қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу
үшін су жүйесін басқару мекемесіне
хабарласыңыз.
Қолданылатын құралдардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.

Күту менен тазалау

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тазалар алдында тоқтан
ажыратыңыз.
Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін
əбден құрғатыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту! Спирт,
еріткіш немесе химиялық заттарды

қолданбаңыз.

Қақты тазалау
Біз қолданатын судың құрамында əк
болады. Қажет болса, əкті тазалау үшін су
жұмсартқышты қолданыңыз.
Кір жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды қолданыңыз. Қолданылатын
құралдардың орамында көрсетілетін
өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Бұны кір жумай тұрғанда орындаңыз.

Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш
зат қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім
көрсету үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
• Барабаннан кірді алыңыз.
• Мақта матаны ең ыстық сумен жуатын

бағдарламаны таңдаңыз

• Биологиялық қасиеті бар ұнтақ жуғыш

затты тиісті мөлшерде пайдаланыңыз.

Жуып болған сайын зең пайда болмас
үшін жəне жағымсыз иісті шығару үшін
есікті шамалы уақыт ашыңқырап қойыңыз.
Барабан
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, əк
жəне тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Барабандағы тот қалдықтарын тазалау
үшін арнайы бұйымдарды ғана
қолданыңыз.
Ол үшін:

13

www.zanussi.com

Advertising