Техникалық ақпарат – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZWH 6120 V

Страница 17

Advertising
background image

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.

Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны орнатсаңыз, су төгу
бағдарламасын орнатыңыз.

Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса
сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.

Еденге су аққан.

Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне жəне ешбір су ағып
тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын жəне төгетін түтіктерге ешбір зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.

Су төгетін сүзгінің мықтап бұралғанына көз жеткізіңіз.

Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғының есігін
аша алмадыңыз.

Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.

Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.

Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.

Құрылғының деңгейінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.

Орам материалдарының жəне/немесе тасымал болттарының алынғанына
көз жеткізіңіз. "Орнату бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.

Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған болуы мүмкін.

Құрылғыға су
құйылады да, дереу
төгіледі.

Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Су төгетін түтіктің
ұшы тым төмен болуы мүмкін. "Орнату бойынша нұсқаулық" тарауын
қараңыз.

Жуу нəтижелері
қанағаттанарлық
емес.

Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.

Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды пайдаланып, кір
жумай тұрып тазалаңыз.

Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Кірдің салмағын азайтыңыз.

Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
осыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету
Фирмалық қосалқы бөлшектерді
пайдалануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқан
кезде мына деректерді дайындап алыңыз.
Бұл ақпаратты техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз. үлгі (Mod.),
Өнім нөмірі (Prod.No.), Сериялық нөмірі
(Ser.No.).

Техникалық ақпарат

Өлшемдері

Ені / Биіктігі / Тереңдігі

595 / 850 / 480 мм

17

www.zanussi.com

Advertising