Инструкция по эксплуатации Zanussi ZWH 6120 V

Страница 16

Advertising
background image

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қызыл
индикатор (Старт/Пауза түймешігінің)
жыпылықтап, құрылғының жұмыс істемей
тұрғанын көрсету үшін индикаторлардың
біреуі жануы мүмкін:
• Cтирка : құрылғыға су құйылмай тұр.

• Доп. полоскание : құрылғыдан су ақпай

тұр.

• Kонец : құрылғының есігі ашық немесе

дұрыс жабылмаған.

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Құрылғы іске
қосылмай тұр.

Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Үйдің сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.

Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.

Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз
немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.

Бағдарлама тетігінің дұрыс орында тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны ажыратыңыз. Бұл
функция кейбір үлгілерде жоқ.

Құрылғыға су
құйылмай тұр.

Су шүмегінің ашылғанына көз жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне
көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласып алыңыз.

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтік тығырығының сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.

Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз
жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыдан су
ақпайды.

Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.

Егер су төгетін циклы жоқ бағдарламаны орнатсаңыз, су төгу
бағдарламасын орнатыңыз.

Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны орнатсаңыз, су төгу
бағдарламасын орнатыңыз.

Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса
сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.

Айналдыру циклы
жұмыс істемейді
немесе жуу циклы
əдеттегіден ұзаққа
созылады.

Барабандағы кірлерді қолмен таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз.
Бұл мəселе теңгерімге байланысты орын алуы мүмкін.

16

www.zanussi.com

Advertising