Ақыл-кеңес – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZWH 6120 V

Страница 12

Advertising
background image

• Соңы индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама

тетігін қалпына бұраңыз.

2. Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның

бос екеніне көз жеткізіңіз.

3. Зең жəне иіс пайда болмас үшін есікті

сəл ашып қойыңыз.

4. Судың шүмегін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
– Кір мыжылып қалмас үшін барабан

мезгіл-мезгіл айналып тұрады.

– Есік құлыптаулы күйі тұрады да, бастау

түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.

– Есікті ашпай тұрып, суды міндетті түрде

төгу керек.

Суды төгу үшін:
1. Суды төгу не Айналдыру

бағдарламасын орнатыңыз.

2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.

Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.

3. Бағдарлама аяқталған кезде:

– Старт/Пауза түймешігінің

индикаторы сөнеді де, Соңы
индикаторы жанған қалпы тұрады.

– Есікті ашуға болады.

4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама

тетігін қалпына бұраңыз.

Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады.
Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту
режимінде тұрған кезде пайдаланылатын
қуат мөлшерін азайтады.
• Барлық индикаторлар сөнеді.
• Бастау түймешігінің индикаторы баяу

жыпылықтай бастайды

Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.

Ақыл-кеңес

Кір салу
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,

синтетика, нəзік жəне жүн мата.

• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын

орындаңыз.

• Ақ жəне түрлі-түсті заттарды бірге

жумаңыз.

• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш

жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.

• Жастық қаптарының түймесін салып,

тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.

• Қалталарды босатып, оралған заттарды

ашыңыз.

• Көп қабатты матадан жасалған, жүн

матадан жасалған немесе сурет

салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.

• Қатты дақтарды кетіріңіз.
• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен

жуыңыз.

• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін

алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.

• Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін

пайдаланбаңыз:
– Жиегі көмкерілмеген немесе жыртығы

бар заттарды жумаңыз

– Сым өткізілген төс тартқыштарды.
– Ұсақ заттарды кі жуатын торға салып

жуыңыз.

• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі

кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мəселе орын алуы мүмкін. Бұндай

12

www.zanussi.com

Advertising