Басқару элементтері, Опция түймелері – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCD 97B 6H

Страница 30

Advertising
background image

30

KZ

Басқару элементтері

!

Бастау түймесін басқаннан кейін бағдарламаны өзгерту

мүмкін емес.
Бағдарламаны өзгерту үшін START/PAUSE (Бастау/тоқтата)
тұру

түймесін басып бағдарламаны тоқтатып қойыңыз,

сол кезде шам сарғылт түспен жыпылықтайды, жаңа
бағдарлама мен кез келген опцияны таңдаңыз, сол кезде
шам жасыл түспен жыпылықтайды. START/PAUSE (Бастау/
тоқтата) тұру

түймесін басыңыз, сонда жаңа бағдарлама

басталады.

Опция түймелері

Бұл түймелер таңдалған бағдарламаны жеке

талаптарға сəйкес дербестендіру үшін қызмет

атқарады.

Кейбір опциялар барлық бағдарламалар үшін

қолжетімді емес. Кейбір опциялар алдында

орнатылғандарымен үйлесімді болмайды. Егер

қандай да бір қолжетімсіз опцияның түймесі

басылса, қоңырау 3 рет дыбыстық сигнал береді.

Егер опция қолжетімді болса, опция жарығы

жанып тұрады.

Кешіктіру (кешіктіру таймері)

Кейбір бағдарламалардың басталуын («Дисплей» жəне
«Бағдарламалар» кестелерін қараңыз)
24 сағатқа дейін
кешіктіруге болады. Кешіктіріп бастауды орнатпас бұрын су
бөтелкесі босатылғанына көз жеткізіңіз.

Қыртыстарды жазу

Алдынғы күтім опциясын кешіктіріп бастау таңдалған болса
ғана, қолдануға болады. Қыртыстардың пайда болуына
жол бермеу үшін кешіктіру мерзімінде киімдер анда-
санда айналдырылады. Кейінгі күтім опциясы бағдарлама
аяқталғаннан кейін кірлерді алып тастау мүмкін болмаған
жағдайда, кептіру мен салқын айналдыру циклдары
аяқталғаннан кейін қыртыстардың түзілуін болдырмау үшін
киімдер кейде айналдырылады.
Ескертпе: START/PAUSE (Бастау/тоқтата) тұру

шамы бұл

кезең барысында сарғылт түспен жыпылықтайды. Бұл опция
таңдалса, сəйкес келген жағдайда, алдыңғы жəне

кейінгі күтім

функциялары қосылады.
Ескертпе: Дыбыс опциясы таңдалған болса, бұл опцияны
қолдану мүмкін емес.

Қызу деңгейінің түймесі, дисплей жəне белгішелер

Бағдарламалардың барлығы қызу деңгейін өзгертуге рұқсат
бере бермейді жəне олардың кейбіреуі қызу деңгейінің үш
опциясын да қолдануға мүмкіндік береді. Опция өзгертілген
кезде, осы түйме басылса, таңдалған қызу деңгейі өзгереді
жəне дисплейде аз уақыт қызу деңгейі көрсетіледі. Түйме
жанындағы дисплейде төмендегі белгішелер көрсетіледі.

ЖОҒАРЫ ҚЫЗУ

ОРТАША ҚЫЗУ

ТӨМЕН ҚЫЗУ

Дыбыс

Барлық бағдарламалармен қолдануға болады. Ол киімдерді
шығарып алуға болатынын еске салу үшін кептіру циклының
соңында сигнал береді.
Ескертпе: Қыртыстарды жазу опциясы таңдалған болса, бұл
опцияны қолдану мүмкін емес.

Қосымша күтім

Мақта заттарға арналған осы ескіруге қарсы функция, дұрыс
барабан айналуы (циклдың соңғы бөлігінде азайтылады) мен
дұрыс кептіру температурасын қолдану арқасында, заттардың
өңін ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі. Ескертпе: Оны «Аса
құрғақ», «Шкафқа қойылатындай құрғақ» жəне «Төмен
құрғақтық» құрғақтық деңгейлерімен қолдануға болмайды.

Жылдам кептіру

Бұл опция 1 кг-ға дейінгі салмақтарға арналған.
Ескертпе: тек «Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен
қолдануға болады.

УАҚЫТ ДИСПЛЕЙІ

Дисплейде қалған кешіктіру уақыты немесе бағдарлама
басталған кезден өткен уақыт көрсетіледі («Дисплей» тарауын
қараңыз)
. Сондай-ақ, дисплейде кептіргішке қатысты ақаулықтар
көрсетіледі. Мұндай кезде дисплейде «F» əрпі жəне қатенің коды
көрсетіледі («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).

Бос су ыдысы

(Кептіргішті тікелей канализацияға қосқан болсаңыз, босату
туралы хабарларды елемеуге болады, себебі су ыдысын
босатудың қажеті жоқ). Ыдысты босату туралы еске салу
не ескерту үшін хабарлар көрсетіледі («Дисплей» тарауын
қараңыз).
Бағдарлама барысында су ыдысы толып кетсе,
қыздырғыш өшіп, кептіргіш салқын айналдыруды орындайды.

Одан кейін ол тоқтап, хабар

СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ керек екенін

жеткізеді. Ыдысты босатып, кептіргішті қайта қосу керек,
əйтпесе киімдер кеппейді. Кептіргіш қайта іске қосқаннан
кейін, хабар бірнеше секундтан кейін өшеді.
Мұның алдын алу үшін, кептіргіш əрбір пайдаланған кезде су
ыдысын босатып отырыңыз («Жөндеу» тарауын қараңыз).

Есікті ашу

Бағдарлама барысында есік ашылса, кептіргіш тоқтап, келесі
əсерлер орын алады.
Ескертпе: START/PAUSE (Бастау/тоқтата) тұру

шамы

бағдарламаның Кейінгі күтім кезеңінде де ашық сары түспен
жыпылықтайды.

Дисплейде

ТОҚТАТА ТҰРУ жазуы көрсетіледі.

• Кешіктіру кезеңі барысында кешіктіру артқа санала

береді. Кешіктіру бағдарламасын жалғастыру үшін бастау
түймесін басу керек. Дисплейде ағымдағы күй көрсетіледі.

• Бағдарламаның кептіру бөлігінде уақыттың кері саналуы

тоқтағанын білдіру үшін дисплейдегі қос нүкте жыпылықтауын
тоқтатады. Бағдарламаны жалғастыру үшін START/PAUSE
(Бастау/тоқтата) тұру

түймесін басу керек. Дисплейде

ағымдағы күй көрсетіледі, қос нүкте жыпылықтап, кері санақ
жалғасады.

• Кейінгі күтім кезеңінде бағдарлама аяқталады.
START/PAUSE (Бастау/тоқтата) тұру

түймесі

басылса, жаңа бағдарлама басынан басталады.

Ескертпе

Ток өшіп қалса, құрылғы қуатын өшіріңіз немесе айырды
ағытыңыз, дисплейде
POWER ON жазуы көрсетілгенше ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесін басып тұрыңыз, сонда кептіргіш қайта қосылады.
Одан кейін бастау түймесі басылса, бағдарлама жалғасады.

Advertising