Орнату, Кептіргіш орнатылатын орын, Электр қосылымдары – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCD 97B 6H

Страница 18

Advertising
background image

18

KZ

Кептіргіш
орнатылатын
орын

Кептіргіш үстелдің

үстіңгі тақтайының

астына орнатылатын

болса, кептіргіш

үстіңгі панелімен

одан жоғары орналасқан кез келген

нысандар арасында 10 мм аралық жəне

құрылғының бүйірлері мен қабырғалар

немесе жиһаздар арасында 15 мм

аралық болатынын қамтамасыз етіңіз.

Бұл тиісті ауа айналымының болуын

қамтамасыз етеді.

Құрылғыны артын қабырғаға тигізіп

орнату керек.

Желдету

Кептіргіш ылғалдылығы жоқ жəне тиісті ауа айналымы
бар бөлмеде орнатылғанына көз жеткізіңіз. Кептіру
барысында судың конденсациялануына мүмкіндік беру
үшін кептіргіш айналасындағы ауа ағыны өте маңызды;
кептіргіш жабық жерде немесе шкаф ішінде орнатылса,
ол дұрыс жұмыс істемейді.
Кептіргіш кіші немесе суық бөлмеде қолданылса, біраз
конденсация түзілуі мүмкін.

Су ағызу

Кептіргіш канализация құбырына жақын орнатылса,
суды осы құбырға қосуға болады. Бұл су ыдысын
босатып отыру қажеттілігін жояды. Кептіргіш кір жуғыш
машина үстінде немесе оның жанында орнатылған
болса, бір канализация құбырын ортақ пайдалануға
болады. Канализация құбырының биіктігі кептіргіштің
түбінен 3 дюймнен (1 метрден) аспауы керек.
Бар түтікті А суретінде көрсетілген жерден ағытып
алыңыз, ұзындығы қолайлы түтікті бекітіп, В суретінде
көрсетілген қосыңыз.
Кептіргіш тұрақты орнына қойылған кезде түтік
қысылып қалмауына немесе онда түйіндер пайда
болмауына көз жеткізіңіз.

1

2

H<1m

1

2

А суреті

В суреті

Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн

емес, алайда оны құлыпталатын есік,

сырғыйтын есік немесе топсасы кептіргіш

есігінің топсасына қарама-қарсы жақта

орналасқан есік артына ешқашан

орнатуға болмайды.

Электр қосылымдары

Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын

төмендегі жағдайларды тексеріңіз:

Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.

Розетка техникалық деректер

тақтасында көрсетілген құрылғының ең

көп қуат шығысына төтеп бере алуы

тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).

Ток желісінің кернеуі техникалық

деректер тақтасында көрсетілген

мəндер ауқымында жатуы тиіс

(Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).

Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.

Қуат сымынан тартпаңыз. Құрылғы

ашамен жабдықталған болса, бірнеше

розеткалы тармақтауышты

пайдаланбаңыз. Берілген аша өзінің

розеткасымен үйлесімді болмаса,

білікті маманға хабарласыңыз.

Жабық жер болса да, кептіргішті

сыртта орнатпау қажет.

Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін

ток сымы мен айыры қол жететін жерде

болуы керек.

Ток сымын майыстыруға немесе оған

қысым түсіруге болмайды.

Ауыстырылатын айыр балқытып

орнатылған түрлі болса, оны қауіпсіз

түрде тастау керек. Оны розеткаға қосуға

болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ,

себебі ток соғу қаупі бар.{}

Орнату

10 mm

15 mm

15 mm

Advertising