Бастау жəне бағдарламалар, Бағдарламаны таңдау, Кептіру уақыттары – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCD 97B 6H

Страница 27

Advertising
background image

27

KZ

Бағдарламаны таңдау

1. Кептіргішті розеткаға қосыңыз.

2. Кірлерді мата түріне қарай сұрыптаңыз («Кірлер»

тарауын қараңыз).

3. Есікті ашыңыз жəне сүзгі таза əрі орнында, сондай-

ақ, су ыдысы бос əрі орнында екеніне көз жеткізіңіз

(«Жөндеу» тарауын қараңыз).

4. Кірлерді құрылғыға салыңыз жəне есікте ешбір зат

қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Есікті жабыңыз.

5. Дисплей жанбаса; Қосу/өшіру түймесін басыңыз.

6. Бағдарламалар кестесін («Бағдарламалар» тарауын

қараңыз) жəне əр матаға қатысты қолдану шарттарын

(«Кірлер» тарауын қараңыз) тексеру арқылы кептірілетін

матаға сəйкес келетін Бағдарламаны таңдау түймесін

басыңыз. M түймесі таңдалған болса, 7- жəне

8-қадамдар қажет емес (төменнен көріңіз).

7. Уақыты белгіленген кептіру немесе Құрғақтық деңгейі

опциясын таңдаңыз.

Уақыты белгіленген кептіру таңдалса, дисплейде

қажетті уақыт көрсетілгенше «Уақыты белгіленген»

түймесін басып тұрып, жіберіңіз. Немесе əдепкі

құрғақтық параметрінен басқа параметрді орнату

керек болса, қажетті деңгей көрсетілгенше Құрғақтық

деңгейі түймесін басып тұрып, жіберіңіз.

!

Құрғақтық деңгейлерін, уақыты белгіленген кептіруді

жəне опцияларды қолдану мүмкіндігін тексеру үшін

Бағдарламалар кестесін қараңыз.

8. Қажетінше кешіктіру уақыты мен басқа опцияларды

таңдаңыз («Дисплей» тарауын қараңыз).

9. Бастау үшін «БАСТАУ»

түймесін басыңыз.

Бастау жəне бағдарламалар

Дисплейде есептелген аяқталуға дейінгі уақыт

көрсетіледі. Кептіру бағдарламасы барысында,

кірлерді тексеріп, кепкен заттарды шығарып алуға, ал

қалғандарын əрі қарай кептіруге болады. Есікті қайтадан

жапқан кезде, кептіруді жалғастыру үшін БАСТАУ

түймесін басыңыз.

10. Бағдарлама аяқталудан бұрын Кептіру

бағдарламасының соңғы бірнеше минутында соңғы

САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ кезеңі орындалады (маталар

салқындатылады), бұл кезең əрқашанда аяғына дейін

орындалуы керек.

11. Кептіру циклының соңында хабар көрсетіледі. ЦИКЛ

СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН

БОСАТУ жазуы көрсетілсе, 3 рет сигнал беріледі

(ескертпе: ДЫБЫС опциясы таңдалған болса, 5 минут

бойы 30 секунд сайын 3 рет сигнал беріледі). ЦИКЛ

СОҢЫ, ҚЫРТЫСТАРДЫ ЖАЗУ көрсетілсе, демек

қыртыстарды жазу таңдалған. Киімдерді шығарып

алмасаңыз, олар 10 сағат бойы немесе есік ашылғанша

кейде айналдырылып тұрады, одан кейін бағдарлама

аяқталғанын білдіру үшін 3 рет сигнал беріледі.

12. Есікті ашып, кірлерді шығарып алыңыз, сүзгіні

тазалап, оны орнына қойыңыз. Су ыдысын босатып,

оны орнына қойыңыз («Техникалық қызмет көрсету»

тарауын қараңыз).

13. Кептіргішті розеткадан ағытыңыз.

Кептіру уақыттары

Кептіру уақыттары шамамен берілген жəне төмендегі жағдайларға байланысты əртүрлі болуы мүмкін:

• Сығу циклынан кейін заттарда қалған су мөлшері: орамалдар мен нəзік бұйымдар көп су ұстап қалады.

• Мата: бір матадан жасалған, бірақ текстурасы мен қалыңдығы əртүрлі заттар əртүрлі уақытта кебуі мүмкін.

• Кірлердің мөлшері: бір зат жəне аз жүк кебу үшін ұзақ уақытты қажет етуі мүмкін.

• Кептіру: заттар үтіктелетін болса, əлі де сəл дымқыл болған кезде оларды кептіргіштен шығарып алуға болады.

Толығымен кептірілуі қажет заттарды ұзағырақ кептіруге болады.

• Қызу параметрі.

• Бөлме температурасы: бөлме температурасы неғұрлым төмен болса, кептіру үшін соғұрлым көбірек уақыт кетеді.

• Көлем: кейбір көлемді заттар кептіру үдерісі барысында арнайы күтімді қажет етеді. Бұл заттарды кептіргіштен шығарып

алып, сілкіп, қайта салуды ұсынамыз: кептіру циклы барысында мұны бірнеше рет қайталаңыз.

!

Заттарды тым кептіріп жібермеңіз.

Барлық талшықтарда біраз табиғи ылғалдылық болады, ол заттарды жұмсақ əрі көлемді ұстауға көмектеседі.

Advertising