Ескертулер – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCD 97B 6H

Страница 20

Advertising
background image

20

KZ

! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік

стандарттарына сай өңделіп шығарылған.

Бұл ескертулер қауіпсіздік үшін берілген,

сондықтан оларды мұқият орындау қажет.

Жалпы қауіпсіздік

• Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану

бойынша кеңес не нұсқау берілген

жəне ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін

жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен

дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен

немесе тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз

адамдар қолдана алады.

• Бұл кептіргіш үйде пайдаланылуға

арналған, кəсіби пайдалануға

арналмаған.

• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-

аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.

• Құрылғыны кабелінен емес, айырынан

ұстап тарту арқылы розеткадан

ағытыңыз.

• Кептіргішті пайдаланғаннан кейін оны

өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Балалар

есікті ойыншық ретінде қолданбауы

үшін оны жауып қойыңыз.

• Балалар кептіргішпен ойнамауы үшін

оларды бақылау керек.

• Балаларға бақылаусыз құрылғыны

тазалауға жəне оған қызмет көрсетуге

болмайды.

• Əрдайым бақылап отырмаған

жағдайда, 3-ке толмаған балаларды

құрылғыдан аулақ ұстау керек.

• Құрылғы дұрыс орнатылуы тиіс жəне

оның тиісті вентиляциясы болуы керек.

Кептіргіштің алдыңғы жағындағы

ауаның кіріс саңылауларын ешқашан

жауып қоюға болмайды («Орнату»

тарауын қараңыз).

• Кептіргішті кілемге қойып пайдаланушы

болмаңыз, себебі кілем кептіргішке

ауаның астыңғы жақтан кіруіне кедергі

жасайды.

• Кірлерді салмас бұрын кептіргіш бос

екенін тексеріңіз.

Кептіргіштің артқы жағы қатты

қызып кетуі мүмкін.

Жұмыс істеп тұрғанда оған тиюші

болмаңыз.

• Сүзгі, су ыдысы жəне конденсатор

орындарына мықтап қойылғанша

кептіргішті пайдаланбаңыз

(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын

қараңыз).

• Кептіргішке тым көп кір салмаңыз

(Ең көп жүктерді «Кірлер» тарауынан

қараңыз).

• Суы тамып тұрған заттарды кептіргішке

салмаңыз.

• Киім жапсырмаларындағы нұсқауларды

мұқият тексеріңіз («Кірлер» тарауын

қараңыз).

• Үлкен, өте көлемді заттарды

кептіргіште кептірмеңіз.

• Акрилат талшықтарын жоғары

температураларда кептірмеңіз.

• Кептіргіш ішінде жылы заттар болғанда

кептіргішті өшірмеңіз.

• Əрбір қолданудан кейін сүзгіні

тазалаңыз («Жөндеу» тарауын

қараңыз).

• Əрбір қолданудан кейін су ыдысын

босатыңыз («Техникалық қызмет

көрсету» тарауын қараңыз).

• Конденсатор бөлігін мерзімді түрде

тазалап отырыңыз («Техникалық

қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

• Кептіргіш айналасында талшықтардың

жиналуына жол бермеңіз.

• Кептіргіштің үстіне шықпаңыз. Ол

зақымдалуға əкелуі мүмкін.

• Электр стандарттар мен талаптарды

əрдайым орындаңыз («Орнату»

тарауын қараңыз).

• Əрдайым түпнұсқалы қосалқы

бөлшектер мен керек-жарақтарды

сатып алыңыз («Қызмет көрсету»

тарауын қараңыз).

Кептіргіште өрт шығу қаупін
азайту үшін төмендегі
шарттарды сақтау қажет:

• Заттар жуғыш затпен жəне сумен

жуылған, шайылған жəне сығу

циклы арқылы өткізілген болса ғана

заттарды кептіргіште кептіріңіз. Сумен

ЖУЫЛМАҒАН заттарды кептіру өрт

шығу қаупін төндіреді.

• Химиялық өнімдермен өңделген

киімдерді кептірмеңіз.

• Май тамған немесе төгілген заттарды

кептіргіште кептірмеңіз, себебі олар

өрт шығу қаупін төндіреді. Май жұққан

заттар, əсіресе кептіргіш сияқты

қызу көздерінің əсерінен күтпеген

кезде тұтануы мүмкін. Заттар қызып,

майдың тотығу реакциясына себеп

болады, ал тотығу реакциясы қызу

Ескертулер

Advertising