Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCD 97B 6H

Страница 21

Advertising
background image

21

KZ

түзеді. Қызу ыдырап кетпесе, заттар

тұтану температурасына дейін қызып

кетуі мүмкін. Май жұққан заттарды

қабаттастыру, үйіп қою немесе сақтау

салдарынан қызу ыдырамай, өрт шығу

қаупі төнеді. Май тамған маталарды

немесе шаш күтіміне арналған

өнімдер жұққан маталарды кептіргіште

кептіру қажет болса, оларды алдымен

қосымша жуғыш зат қосып жуу керек.

Сөйтіп, өрт шығу қаупі азаяды, бірақ

мүлдем жоғалмайды. Ыстық күйде

оларды кептіргіштен шығарып, үйіп не

қабаттастырып қоюға болмайды.

• Бензинмен, химиялық тазарту

ерітінділерімен я басқа тұтанғыш не

жарылғыш заттармен тазаланған,

жуылған, олардың ішіне салынып

қойған немесе олар тиген заттарды

кептіргіште кептіруге болмайды.

Тұрмыстық жағдайда қолданылатын

өте тұтанғыш заттарға май, ацетон,

ішуге жарамайтын спирт, керосин, дақ

кетіргіштер, скипидар, балауыз жəне

балауыз кетіргіштер кіреді. Бұлар

жұққан заттарды кептіргішке салмас

бұрын көбірек жуғыш зат салып, ыстық

суда жуыңыз.

• Поролон (латекс көбігінен жасалған

материал деп те аталады) немесе

оған ұқсас материалдардан жасалған

заттарды кептіргіште кептірмеңіз.

Пеноматериалдар қызған кезде өзінен

өзі тұтануы мүмкін.

• Статикалық зарядтарды кетіру үшін

кептіргіште жұмсартқыш я оған ұқсас

өнімдерді, өндірушісі мұндай мақсатта

қолдануға болатынын анық көрсетпеген

болса, қолданбаңыз.

• Металл заттар салынған ішкі киімдерді,

мысалы металл сымдары бар

бюстгальтерлерді кептіргіште кептіруге

болмайды. Кептіру кезінде металл

бөліктер босап кетіп, кептіргішке зақым

келуі мүмкін.

• Душ қалпақтары немесе сəбилердің су

өткізбейтін жабындары сияқты резеңке

немесе пластмассалық заттарды,

полиэтилен немесе қағазды кептіргіште

кептіруге болмайды.

• Резеңке төселген заттарды, көбік

резеңке төсемдері бар киімдерді,

жастықтарды, галоштарды жəне

резеңкемен қапталған спорттық аяқ

киімдерді кептірмеңіз.

• Қалталардан барлық заттарды алып

тастаңыз, мысалы шақпақтар немесе

сіріңке.

! ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам

алынып, қызу шашылып кететіндей

таратылмаса, кептіру циклы

аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы

болмаңыз.

Қуатты үнемдеу жəне қоршаған
ортаны құрметтеу

• Кептіруден бұрын артық суды шығару үшін барлық

заттарды жақсылап сығыңыз (кір жуғыш машинаны
қолдансаңыз, жылдамдығы жоғары сығу циклын
таңдаңыз). Мұның нəтижесінде, кептіру барысында
уақыт пен қуат үнемделеді.

• Əрдайым толық жүк салып кептіріңіз – бұл қуатты

үнемдейді: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ
уақытты қажет етуі мүмкін.

• Қуатты тұтыну шығындарын азайту үшін əрбір

қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу»
тарауын қараңыз).

Advertising