Температураны реттеу, Coolmatic функциясы, Демалыс” функциясы – Инструкция по эксплуатации AEG SCT981800S

Страница 9

Advertising
background image

Температураны реттеу

Тоңазытқыштың және мұздатқыштың орнатылған температурасын температура

тетіктерін басып реттеуге болады.

Әдепкі температураны орнатыңыз:

• тоңазытқыш температурасы +5°C

• мұздатқыш температурасы -18°C

Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.

Орнатылған температураға 24 сағат ішінде қол жеткізіледі.
Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.

COOLMATIC функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде мысалы, азық-түлік дүкенінен келген соң бірден

салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазытып алу үшін, әрі тоңазытқыштағы

тағамдар жылып кетпес үшін, COOLMATIC функциясын қосуды ұсынамыз.

Функцияны іске қосу үшін:

1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.

Индикатор COOLMATIC жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны

көрсетеді.

2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

Индикатор COOLMATIC көрсетіледі.

Шамамен 6 сағат өткеннен кейін COOLMATIC функциясы автоматты түрде өшеді.

Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:

1. Мына түймешікті Mode, COOLMATIC индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

3. Индикатор COOLMATIC сөнеді.
Тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде функция өшеді.

“Демалыс” функциясы

Бұл функция ұзаққа созылатын демалыс кездері, тоңазытқышта жағымсыз иіс

туғызбай, босатып, жауып қоюға мүмкіндік береді.
“Демалыс” функциясы қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш камерасының іші бос болуға

тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:

1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.

“Демалыс” функциясының индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны

көрсетеді.

2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

Басқару панелі

9

Advertising