Күту менен тазалау, Мерзімді тазалау – Инструкция по эксплуатации AEG SCT981800S

Страница 16

Advertising
background image

Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес

Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:

• сатылып алынатын тағамдардың бөлшек сауда орнында тиісті түрде сақталғанын

тексеріп алыңыз;

• мұздатылған тағамдардың тағам дүкенінен тоңазытқышқа мүмкіндігінше қысқа

уақыт ішінде жеткізілуін қадағалаңыз;

• есікті жиі-жиі ашып не қажетті уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.

• Тағамды бірден жібітіп алған соң оның сапасы төмендей бастайды және қайта

тоңазытуға келмейді.

• Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан артық уақыт сақтамаңыз.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Сақтандыру туралы ескерту!

Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да,

жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға

тиіс.

Мерзімді тазалау

Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:

• құрылғының іші мен керек-жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы

сумен жуыңыз.

• есіктің тығыздағыштарын жиі тексеріп, қоқыстан арылту үшін, тазалап отырыңыз.

• шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе

бүлдіруге болмайды.

Жуғыш заттар, жеміргіш ұнтақ, әтір иісі қатты шығатын тазалағыш зат немесе

жылтыратқыш балауызбен тазаламаңыз, себебі мұндай заттар құрылғының ішкі бетін

бүлдіріп, қатты иіс қалдырады.
Құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы (қара гриль) мен

компрессорды шөтке немесе шаңсорғышпен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай

тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға

көмектеседі.
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.

Тазалап болғаннан кейін 2 үстіңгі сөрені өз орындарына қойыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.

16

Күту менен тазалау

Advertising