Мұздатылған тағамды сақтайтын камера, Мұздатылған тағам күнтізбесі, Жібіту – Инструкция по эксплуатации AEG SCT981800S

Страница 13: Мұз текшелерін жасау, Суық аккумуляторы

Advertising
background image

Мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде,

тағамды мұздатқыш камераға салмай тұрып құрылғыны жоғары параметрлерге қойып

кем дегенде 2 сағат қосып алыңыз.

Сақталатын тағамның мөлшері көп болса, құрылғының ішіндегі суырмалар мен

себеттердің барлығын алыңыз да, тоңазыту барысында жақсы нәтижеге жету үшін

салқындатқыш сөрелердің үстіне қойыңыз.
Назарыңызда болсын!

Қойылатын тағам мөлшерінің үстіңгі бөлік(бар болса)үшін көрсетілген салмақ шегінен
асып кетпеуін қадағалаңыз.
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе және электр

қуаты техникалық сипаттамалар кестесінің "температураның жоғарлау уақыты"

бөлімінде көрсетілген шамадан да ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу тауысу не

пісіріп барып қайта тоңазыту керек(салқындатқан соң).

Мұздатылған тағам күнтізбесі

Белгілер әр түрлі тағам түрлерін көрсетеді.

Сандар арқылы әр түрлі мұздатылған тағамдарды қанша ай сақтауға болатыны

көрсетілген. Сақтау уақыты бағанында көрсетілген жоғарғы және төменгі мәндер,

тағамның сапасы мен мұздатар алдында қалай дайындалғанына байланысты.

Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.

Мұз текшелерін жасау

Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы

науаларға су толтырыңыз да, содан соң оларды мұздатқыш камераға салыңыз.
Науаларды камерадан алу үшін металл аспаптарды пайдаланбаңыз.

Суық аккумуляторы

Мұздатқыш бір не бірнеше суық аккумуляторымен жабдықталған; бұл электр қуаты

өшкенде не құрылғы сынып қалған жағдайда оның ішіндегі тағамды ұзағырақ сақтауға

көмектеседі.

Әркүндік қолдану

13

Advertising