Күтім және тазалау, Орнату, Қызмет – Инструкция по эксплуатации AEG SCT981800S

Страница 6

Advertising
background image

• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек.

Тиісті нұсқауларға қараңыз.

• Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға

қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан

келуі мүмкін.

• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.

Күтім және тазалау

• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр

желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе,

ток желісін өшіріп қойыңыз.

• Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.

• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты

пайдаланыңыз.

• Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,

табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының

астыңғы жағына жиналады.

Орнату

Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият

орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының

бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны

сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.

• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде

екі сағат күтіңіз.

• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз

болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты

нұсқауларды орындаңыз.

• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор)

ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын

әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.

• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.

• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын

қамтамасыз етіңіз.

• Тек ауыз суы жүйесіне ғана жалғаңыз.

4)

Қызмет

• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам

жүзеге асыруға тиіс.

• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру

керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.

4) Егер суға қосу қажет болса.

6

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Advertising