Бірінші қолдану, Әркүндік қолдану, Ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации AEG SCT981800S

Страница 12: Жаңа тағамды мұздату

Advertising
background image

1. Mode түймешігін Minute Minder индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

2. OK түймешігін басып құптаңыз.

3. Minute Minder индикаторы сөнеді.

"Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып,

уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде өзгертуге болады.

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның

іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан

соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына

зиян келтіреді.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған

тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды

мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды суретте

көрсетілгендей "X" камерасына қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген

басқа тағамды қосып салмаңыз.

12

Бірінші қолдану

Advertising