Қосу және пайдалану, Пешті қосу, Тағам дайындау режимдері – Инструкция по эксплуатации Indesit KN3C767A(X)-RU

Страница 32

Advertising
background image

KZ

32

Қосу және пайдалану

! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос

күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада

кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті

өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің

жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде

қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне

байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының

бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып

тастаңыз.

Пешті қосу

1. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам

дайындау режимін таңдаңыз.

2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру

режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті

температураны таңдаңыз.

Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам

дайындау температуралары туралы мәліметті

қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады

(«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер»

кестесін қараңыз).

Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді

орындауға болады:

• ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам

дайындау режимін өзгерту.

• ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы

температураны өзгерту.

• Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын

орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).

• РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам

дайындауды тоқтату.

! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;

бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар

істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны

қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)

ға қойыңыз.

ТЕРМОСТАТ индикатор шамы
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің

іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді.

Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат

жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір

қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.

Пеш шамы

ТАҢДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген

қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп

тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен

параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі

қосылмай, шам жанады.

Тағам дайындау режимдері

! Төмендегілерден басқа тағам дайындау

режимдерінің барлығына 50°C пен МАКС аралығында

кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін
• ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ (ұсынылған: тек МАКС

деңгейін орнатыңыз)

• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).

ДАҒДЫЛЫ ПЕШ

режимі

Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері

қосылады. Тағам дайындаудың дағдылы режимін

пайдаланғанда тек бір тағам дайындау тартпасын

қолданған дұрыс болады. Бірден көп тартпа

қолданылғанда пеш ішіндегі температура бірдей

болмауы мүмкін.

ПІСІРУ

режимі

Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске

қосылып, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі

түрде таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим

температураға сезімтал болатын тағамдарды

(мысалы, көтерілуді қажет ететін торт сияқты

тағамдар) және ұннан жасалған «бір тістем»

кондитерлік өнімдерді 3 тартпада бірдей дайындауға

арналған.

ПИЦЦА режимі

Дөңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі

элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей

бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке

байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып,

пешті жылдам қыздырады. Бір уақытта бірден

көп тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау

үрдісінің ортасында табақтардың орындарын

алмастырыңыз.

КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ

режимі

Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және

айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей

бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа

тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең

көбі екі тартпаны пайдалануға болады.

ГРИЛЬ режимі

Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі

қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін

температурасын беттік температураның жоғары

болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн

(бұзау мен сиыр еті, филе, стейк, антеркот). Бұл

пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және

грильде пісіру өте қолайлы. Тағамды тартпаның

ортасына қоййыңыз, әйтпесе бір бұрышқа қойсаңыз,

ол дұрыс піспейді.

Advertising