Инструкция по эксплуатации Samsung ME731KR-L

Страница 75

Advertising
background image

19

ҚАЗАҚША

4. МЕРЕКЕЛІК ТАҒАМДАР

Код

Тағам

Тағамның

мөлшері

Қоспалары

1

Мәскеу

балығы

270 г

(1) Шампиньон – 30 г / Көксерке балықтың

қоң еті – 150 г, өсімдік майы – 5 г

(2) Қаймақ – 15 г

(3) Қуырылған картоптың дөңгелек тілімдері

– 2 дана, әрбірі 60-70 г; қаймақ – 15 г, тұз – 5

г / Ұнтақ ақ бұрыш – 1/2 г

Үккіштен өткізілген ірімшік - 25 г

< Ұсыныстар >

Саңырауқұлақтарды шұңғыл шараға салыңыз, қасына балықты қойыңыз.

Көкөніс майынан құйыңыз (1). Даярлай бастаңыз. Пештен дыбыстық

сигнал естілген кезде қаймақтың жартысын басқа шұңғыл шараға

салыңыз (ортаға)(2). Осы қаймаққа саңырауқұлақтарды салыңыз.

Үстіне балықты салыңыз. Дәмін келтіріңіз. Балықтың айналасына

картоп тілімдерін салыңыз. Картопқа ірімшікті себіңіз (3). Дайындауды

жалғастырыңыз.

2

Толтырмасы

бар бұрыш

480-500 г

2 дана

(1) Болгар бұрышы – 2 дана, әрбірі 80 г

Тартылған ет (сиырдың және шошқаның

етінен) – 150 - 190 г (екі бөлікке бөліңіз)

Кәдімгі пісірілген күріш – 10 - 20 г

Тұз – 5 г; қара ұнтақ бұрыш – 1/2 г

Сиыр етінен жасалған сорпа немесе суға

ерітілген бульон текшесі – 150 мл

(2) Тұздыққа арналған қоспа: Ұн – 5 г;

қызанақ езбесі – 10 г / Су – 50 мл

< Ұсыныстар >

Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштерді қосып, қолмен

араластырыңыз. Бұрыштың өзегі мен тұқымдарын алыңыз. Бұрышты

етке толтырыңыз. Оны шұңғыл шараға салыңыз да, сорпа қосыңыз

(1). Даярлай бастаңыз. Тұздыққа арналған қоспалардың барлығын

дайындаңыз (2). Пештен дыбыстық сигнал естілген кезде, толтырмасы

бар бұрыш салынған сорпаға қоспаны құйыңыз. Бұрыштарды аударыңыз

да, даярлау үрдісін жалғастырыңыз.

Код

Тағам

Тағамның

мөлшері

Қоспалары

3

Көкөніс

қосылған

бақтақ

210-240 г Сары май – 10 г (2 x 5 г)

Туралған сәбіз – 35 г / Туралған пияз – 25 г

Ұсақталып туралған сарымсақ – 3 г

Туралған сельдерей жапырақтары – 5 г

Бақтақ – 1 дана – 220-250 г / Тұз – 1 г / Ұнтақ

ақ бұрыш – 1/2 г / Сары май – 5 г

< Ұсыныстар >

Пергамент қағазының ортасына сары май жағыңыз. Қағазға сәбізді, пияз

бен сарымсақты және балдыркөкті салыңыз. Дәм-татымы келтірілген

бақтақ балығын көқөністердің үстіне салыңыз. Балықтың үстіңгі жағына

қаймақ жағыңыз. Үстін қағазбен жабыңыз. Шараны микротолқынды пешке

қойып, даярлай бастаңыз.

4

Буға

пісірілген

албырт

балық стейгі

150-170 г Сүйегі және терісі алынбаған албырт балық

стейгі – 200-250 г / Тұз – 1 г

Лимон – 15 г (лимон шырыны) / Су – 20 г

< Ұсыныстар >

Албырт балықтың қоң етінің дәм-татымын келтіріңіз. Оны шараға салыңыз

да, су қосыңыз. Шараны микротолқынды пешке қойып, даярлай бастаңыз.

5

Азу

250 г

(1) Шошқаның мойын етінің кесектері – 170 г

Туралған пияз – 20 г

Тауықтың етінен жасалған сорпа немесе

суға ерітілген бульон текшесі – 100 мл

(2) Тұздыққа арналған қоспа: Ұн – 5 г

Қызанақ езбесі – 15 г / Су – 50 мл

Үккіштен өткізілген тұздалған қиярлар – 30 г

< Ұсыныстар >

Ет пен пиязды шұңғыл шараға салыңыз да, сорпа қосыңыз (1). Даярлай

бастаңыз. Пештен дыбыстық сигнал естілген кезде етті аударып, тұздыққа

арналған қоспаны (2) көкөніске, бульонға және етке қосыңыз. Барлығын

араластырыңыз да, даярлау үрдісін жалғастырыңыз.

ME731KR-L_BWT_DE68-03893U-01_KZ.indd 19

2013-11-28 �� 10:54:43

Advertising