Қосымша – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500

Страница 204

Advertising
background image

Қосымша

Сәйкестік және үйлесімділік ескертуі

Дискілердің барлығына қолдау көрсетіле бермейді

• Төменде сипатталған және осы нұсқаулықта, соның ішінде осы нұсқаулықтың «Диск түрі

мен сипаттамалары» бөлімінде аталған шектеулерге байланысты ойнатылатын диск түрлері

төмендегідей болады : алдын ала жазылған коммерциялық BD-ROM, DVD-VIDEO және аудио

ықшам дискілер (CD-DA); BD-RE/-R, DVD-RW/-R дискілері, CD-RW/-R дискілері.

• Жоғарыда келтірілген дискілерден өзгеше дискілер ойнатылмайды немесе осы ойнатқышта ойнатуға арналмаған.

Жоғарыда келтірілген дискілердің кейбіреуі төменде берілген себептерге байланысты ойнатылмауы мүмкін.

• Samsung компаниясы осы ойнатқыштың BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R

және CD-RW/-R логотиптері бар барлық дискілерді ойнататына кепілдік бермейді, сондай-ақ осы

ойнатқыш барлық басқару пәрмендерін орындамауы немесе әр дискідегі мүмкіндіктерді іске қоспауы

да мүмкін. Жаңа және қолданыстағы пішімде болған дискілерін пайдаланғанда дискінің осы және өзге

үйлесімдік мәселелері және ойнатқыштың жұмыс атқару мәселелері туындауы мүмкін, себебі :

- Blu-ray – жаңа және дамып келе жатқан пішім және осы ойнатқыш Blu-ray дискілерінің барлық

функцияларын істетпеуі мүмкін, себебі кейбір функциялар таңдау бойынша беріледі, кейбір

функциялар Blu-ray пішіміне ойнатқыш жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ

кейбір бар функциялардың пайдалану мүмкіндігі кешіктіріліп берілуі мүмкін.

- осы ойнатқыш дискілердің барлық жаңа және бұрыннан бар пішім нұсқаларын қолдамайды;

- жаңа және бұрыннан бар диск пішімдері қайта өңделген, өзгертілген, жаңартылған, жетілдірілген

және/немесе толықтырылған болуы мүмкін;

- кейбір дискілер ойнату барысында арнайы немесе шектеулі әрекет яки мүмкіндікке жол беретін етіп шығарылады.

- кейбір функциялар таңдау бойынша беріледі, кейбір функциялар Blu-ray пішіміне ойнатқыш жасалғаннан кейін

қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ кейбір бар функциялардың пайдалану мүмкіндігі кешіктіріліп берілуі мүмкін;

- BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R және CD-RW/-R логотиптері бар

кейбір дискілер әлі стандартқа кірмеген дискілер болуы мүмкін;

- кейбір дискілер физикалық күйіне немесе жазу жағдайларына байланысты ойнатылмауы мүмкін;

- Blu-ray дискілері мен DVD бағдарламалық құралы жасалған кезде және/немесе дискілер

өндірілген уақытта ақаулықтар мен қателер туындауы мүмкін;

- осы ойнатқыш стандартты DVD ойнатқышпен немесе басқа AV жабдықпен салыстырғанда

өзгеше жұмыс істейді; және/немесе

- осы нұсқаулықта айтылған және SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығы анықтап, жариялаған

себеп(тер)ге байланысты.

• Егер диск үйлесімділігі немесе ойнатқыштың жұмыс істеуі бойынша туындаған мәселелерге тап болсаңыз,

SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.

SAMSUNG тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласып осы ойнатқыштың жаңартуларын алуға да болады.

• Ойнатуға қойылатын шектеулер мен диск үйлесімділігі жөнінде қосымша ақпарат үшін осы

нұсқаулықтың «Ескертулер», «Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын», «Диск түрлері мен

сипаттары», «Ойнатпас бұрын» бөлімдерін қараңыз.

• Blu-ray диск ойнатқышы үшін прогрессивті сканерлеу шығысы : ТҰТЫНУШЫЛАР АЖЫРАТЫМДЫЛЫҒЫ

ЖОҒАРЫ ТЕЛЕДИДАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ОСЫ ӨНІММЕН ТОЛЫҚ ҮЙЛЕСПЕЙДІГІН ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕНІҢ

БҰРМАЛАНУЫНА СЕБЕП БОЛАТЫНДЫҒЫН ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ. ПРОГРЕССИВТІ СКАНЕРЛЕУ БАРЫСЫНДА

БЕЙНЕДЕ АҚАУЛЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ПАЙДАЛАНУШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ «СТАНДАРТТЫ АЙҚЫНДЫҚ»

ШЫҒЫСЫНА АУЫСТЫРУ ҰСЫНЫЛАДЫ. ТЕЛЕДИДАР МЕН ОСЫ ӨНІМНІҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ

САУАЛДАРЫҢЫЗ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, БІЗДІҢ ТҰТЫНУШЫНЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

|

60

Қазақша

[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 60

2014-05-27 오전 10:51:08

Advertising