Параметрлер, Желілер және интернет – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500

Страница 174

Advertising
background image

Параметрлер

Желілер және интернет

Осы ойнатқыш желіге қосылғанда Smart Hub

және BD-LIVE сияқты желіге негізделген

бағдарламалар мен функцияларды қолдануға

және ойнатқыштың бағдарламалық құралын

желі қосылымы арқылы жаңартуға болады.

Интернет қызметтеріне кіру және оларды

пайдалану туралы толық ақпаратты осы

нұсқаулықтың 48-59-беттеріндегі «Желілік

қызметтер» тарауынан қараңыз. Желілік

қосылымды реттеуге арналған нұсқаулар

төменде берілген.

Желі қосылымын теңшеу

Жұмысты бастамас бұрын, Интернет

провайдеріне хабарласып, IP мекенжайының

статикалық немесе динамикалық екенін анықтап

алыңыз. Динамикалық болса және сізде сымды

немесе сымсыз желі болса, төменде келтірілген

Автоматты түрде теңшеу іс рәсімдерін

пайдалануды ұсынамыз.

Сымды желіге қосылатын болсаңыз, теңшеу

процедурасын бастамас бұрын ойнатқышты

маршрутизаторға LAN кабелімен жалғаңыз.

Сымсыз желіге қосылатын болсаңыз, бастамас

бұрын барлық сымды желі қосылымдарын

ажыратыңыз.

Желі қосылымын теңшеуді бастау үшін төмендегі

қадамдарды орындаңыз:

Сымды желі

Ğ

Сымды - Автоматты

1. Басты экранда Параметрлер тармағын

таңдап, v түймесін басыңыз.

2. Желі тармағын таңдап, содан кейін v

түймесін басыңыз.

3. Желі параметрлері тармағын таңдап, v

түймесін басыңыз.

4. «Желі параметрлері» экранында Сымды

параметрін таңдап, v түймесін басыңыз.

5. Қосу түймесін таңдап, v түймесін

басыңыз. Өнім сымды қосылымды анықтап,

желі қосылымын тексереді де, одан кейін

желіге қосылады.

Ğ

Сымды - Қолмен

Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе

Автоматты процедурасы жұмыс істемесе, «Желі

параметрлері» мәндерін қолмен орнату қажет

болады.

«Сымды желі» бөліміндегі 1 және 2-қадамдарды

орындап, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Желі күйі тармағын таңдаңыз. Ойнатқыш

желіні іздейді, одан кейін байланыс

орнатылмағаны туралы хабар көрсетіледі.

2. Экранның төменгі жағында IP прм-лері

тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

«IP парам-рі» экраны пайда болады.

3. «IP парам-рі» өрісін таңдап, v түймесін

басыңыз.

4. «IP парам-рі» өрісінде Қолмен енгізу

тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

5. Енгізілетін мәнді (мысалы, IP мекенжайы)

таңдап, v түймесін басыңыз. Қашықтан

басқару құралындағы санды түймелерді

пайдаланып, мән үшін санды енгізіңіз.

Сондай-ақ, сандарды ▲▼ түймелерінің

көмегімен де енгізуге болады. Мән ішінде

бір жазба өрісінен екіншісіне жылжу үшін

қашықтан басқару құралындағы ◄►

түймелерін пайдаланыңыз. Болғаннан

кейін, v түймесін басыңыз.

6. Басқа мәнге жылжу үшін ▲ немесе ▼

түймесін басыңыз, одан кейін сол мән үшін

5-қадамдағы нұсқауларды орындай отырып

сандарды енгізіңіз.

7. Барлық мәндерді толтырғанша, 5 және

6-қадамдарды қайталаңыз.

|ЕСКЕРТПЕЛЕР |

\

Желі мәндерін Интернет провайдерінен алуға болады.

8. Барлық мәндерді енгізуді аяқтағаннан кейін

OK тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

Ойнатқыш желі қосылымын тексеріп, одан

кейін желіге қосылады.

|

30

Қазақша

[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 30

2014-05-27 오전 10:51:00

Advertising