Screen mirroring, Веб-браузерді пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500

Страница 199

Advertising
background image

06
Желі қызметтері

Screen Mirroring

Screen Mirroring функциясы смартфонның немесе

Аndroid планшетінің экранын Blu-ray ойнатқышына

қосқан теледидарда көруге мүмкіндік береді.
1. Blu-ray басты экраны көрсетулі кезде

қашықтан басқару құралында КӨК

(D) түймесін басыңыз. Screen Mirroring

қалқымалы терезесі пайда болады.

2. Құрылғыларда AllShare Cast бағдарламасын

іске қосыңыз.

3. Құрылғыда қол жетімді құрылғылардың

тізімінде Blu-ray ойнатқышының атауын

табыңыз да, таңдаңыз.

4. ТД PIN кодты көрсетеді. Бұл PIN кодты

құрылғыда енгізіңіз.

5. ТД қосылу туралы хабарды (мысалы,

Android_92gb... құрылғысына қосылу

орындалуда) көрсетеді, содан кейін

қосылғаны туралы хабарды көрсетеді.

6. Бірнеше секундтан кейін құрылғының

экраны теледидарда пайда болады.

7. Screen Mirroring функциясын тоқтату үшін

қашықтан басқару құралындағы EXIT

немесе RETURN түймесін басыңыз немесе

смартфондағы Screen Mirroring функциясын

ажыратыңыз.

|ЕСКЕРТПЕЛЕР |

\

AllShare Cast қызметін қолдайтын құрылғыға қосылуға

болады. Өндірушіге қарай, мұндай құрылғыға қосылуға

толық қолдау көрсетілмеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Мобильді

байланысқа қолдау туралы қосымша ақпаратты өндірушінің

веб-торабынан қараңыз.

\

Screen Mirroring функциясын қолданған кезде, ортаңызға

байланысты бейненің тоқталуы немесе дыбыстың жоғалуы

мүмкін.

\

Bluetooth функциясын қолданып жіберу Screen Mirroring

сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Screen Mirroring

функциясын қолданбас бұрын, смартфонда немесе смарт

құрылғыда (планшет, т.б.) Bluetooth функциясын өшіруді қатал

түрде ұсынамыз.

Веб-браузерді пайдалану

Интернетке Веб-браузер бағдарламасын

пайдаланып кіре аласыз.

Басты экранда Веб-браузер тармағын таңдап,

v

түймесін басыңыз.

|ЕСКЕРТПЕЛЕР |

\

Веб-браузерді HDMI арқылы BD Wise үйлесімді

теледидарға қосылған ойнатқышта іске қосқанда – және

BD Wise функциясы қосулы болғанда – браузер экранды

толтыратындай жазылады және теледидар ажыратымдылығы

оңтайлы ажыратымдылыққа автоматты түрде орнатылады.

\

Веб-браузер Java бағдарламаларымен үйлесімді емес.

\

Егер файлды жүктеуге әрекет жасап, файлды сақтау мүмкін

болмаса, қате туралы хабар пайда болады.

\

Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алуға) қолдау

көрсетілмейді.

\

ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді.

\

Белгілі бір бизнестер тарапынан басқарылатын кейбір веб-

тораптарға немесе веб-браузерлерге қатынас құрсаулануы

мүмкін.

Сілтемелерді шолу және меңзермен

шолу

Веб-браузер шолудың екі түрін қамтамасыз

етеді: меңзермен шолу және сілтемелерді шолу.

Браузерді бірінші рет іске қосқанда, меңзермен

шолу белсенді болады. Егер веб-браузерде

шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз,

меңзермен шолуды белсенді күйде қалдыру

ұсынылады. Егер веб-браузерде шарлау үшін

қашықтан басқару құралын пайдаланып

жатсаңыз, меңзермен шолуды сілтемелерді

шолуға ауыстыру ұсынылады. Сілтемелерді

шолу веб-браузерде бөлектеуді бір сілтемеден

екіншісіне жылжытады және қашықтан басқару

құралын пайдаланып жатсаңыз, меңзермен

шолудан әлдеқайда тезірек.

Сілтемелерді шолуды белсендіру үшін мына

қадамдарды орындаңыз:
1. Қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄►

түймелерін пайдаланып меңзерді экранның

жоғарғы оң жағындағы «Сілтемелер

браузері» белгішесіне жылжытыңыз.

«Сілтемелер браузері» белгішесі оң жақтан

үшінші белгіше болады.

Белгіше көкке айналса және экранда

«Сілтемелерді шолу» сөздері пайда блса,

меңзер дұрыс күйде болады.

2. v түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу

белсендіріледі және веб-браузерді ашқан

сайын белсенді болады.

Қазақша

55

|

[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 55

2014-05-27 오전 10:51:07

Advertising