Қауіпсіздік ақпараты, Дискіні сақтау және басқару, Қолдануға қатысты ескертулер – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500

Страница 148

Advertising
background image

Қауіпсіздік ақпараты

7. Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндіруші

нұсқауларына сай орнатыңыз.

8. Жылу батареялары, жылытқыштар,

пештер немесе басқа жылу шығаратын кез

келген аппараттардың (соның ішінде, AV

ресиверлер) жанына орнатпаңыз.

9. Полярланған немесе жерге қосылатын

штепсельдік ұштың қауіпсіздік қорғауын

бұзбаңыз. Полярлы штепсельдік ұштың бірі

екіншісінен кеңірек болатын екі істікшесі

болады. Жерге тұйықталатын штепсельдік

ұштың екі жай және бір жерге тұйықталған

істікшесі болады. Кең жақтау немесе үшінші

өскін сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.

Егер қамтамасыз етілген штепсельдік ұш

розеткаға келмесе, ескі розетканы ауыстыру

мақсатында электр маманына хабарласыңыз.

10. Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз, сондай-

ақ оның әсіресе штепсельдік ұшқа жалғасатын,

розеткаға жақын болатын және жабдықтан

шығатын бөлігін қысылып қалудан сақтаңыз.

11. Тек өндіруші ұсынған қосымшаларды/

қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз.

12. Өндіруші көрсеткен немесе

құралмен бірге сатылған

арба, тұрақ, штатив,

кронштейн немесе үстелді

ғана пайдаланыңыз. Арбаны

пайдаланған жағдайда,

төңкерілудің нәтижесінде туындайтын

жарақаттардың алдын алу үшін арба/аппаратты

қозғаған кезде қауіпсіздік шараларын

қадағалаңыз.

13. Найзағай мен дауылдарда немесе көп уақыт

пайдаланбағанда, өнімді ток көзінен ажыратыңыз.

14. Жөндеу қажет болса, тек қана білікті маманға

апарыңыз. Ток өткізуші сым немесе аша

зақымдануы, сұйықтықтың төгілуі немесе өнімнің

үстіне заттардың құлауы, өнімнің жаңбырдың

астында немесе ылғалды жерде қалуы, дұрыс

жұмыс істемеуі немесе құлауы сияқты кез келген

себеппен зақым келгенде өнімді тексерту қажет.

Дискіні сақтау және басқару

• Дискілерді қолмен ұстау

- Дискідегі саусақ іздері немесе

сызаттар дыбыстың және суреттің

сапасын төмендетуі немесе кейбір

үзінділердің еленбеуін тудыруы мүмкін.

- Деректер жазылған диск бетін ұстамауға

тырысыңыз.

- Саусақтар бетке тимейтіндей дискіні шеттерінен

ұстау керек.

- Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.

• Дискілерді тазалау

- Дискіде саусақ іздері немесе кір

болса, оны сумен араластырылған

жұмсақ жуу затымен тазалаңыз,

сөйтіп жұмсақ матамен сүртіңіз.

- Тазалағанда дискінің ішінен сыртына

қарай сүртіңіз.

• Дискіні сақтау

` Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.

` Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

` Таза қорғау қаптамаға салып, тік күйде

сақтаңыз.

Қолдануға қатысты ескертулер

• Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы

тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған

бұйымдарды қоймаңыз.

• Өнімді толығымен өшіру үшін штепсельдік

ұшты розеткадан суыру қажет. Сондықтан,

штепсельдік ұшқа әрқашан қол жеткізу оңай

болуы тиіс.

• Бірнеше электр құрылғыларды бір розеткаға

қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме

түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.

• Бұл ойнатқышқа басқа құрамдас бөліктерді

жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

• Ойнатқышты кенет салқын жерден жылы жерге

апарса, істеп тұрған бөліктері мен линзаның беті

ылғалданып, диск қалыпты ойнатылмауы мүмкін.

Мұндай жағдайда, ойнатқышты розеткадан

ажыратып, екі сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты

розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып,

қайта ойнатып көріңіз.

|

4

Қазақша

[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 4

2014-05-27 오전 10:50:51

Advertising