Параметрлер» мәзірінің функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500

Страница 167

Advertising
background image

04
Параметрлер

«параметрлер» мәзірінің функциялары

Көрсету

UHD шығыс

Бұл параметр HDMI бейнесін UHD ажыратымдылығымен

шығарады. Бұл тек Бейнекадр функциясы Авто параметріне

орнатылғанда қол жетімді.

|ЕСКЕРТПЕЛЕР |

\

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін ойнатқышты UHD ажыратымдылығын

қолдайтын құрылғыға қосуыңыз керек және сізде 24 к/с (кадр/секунд)

жылдамдықта ойнататын мазмұн болуы тиіс.

3D Баптаулары

3D мазмұны бар Blu-ray дискісі 3D режимінде ойнатылатынын

немесе ойнатылмайтынын таңдаңыз.

• 3D режимінде «Басты» немесе «Бағдарламалар» басты экранына

жылжысаңыз, ойнатқыш автоматты түрде 2D режиміне ауысады.

ТД кадр пішімі

Ойнатқыштың шығысын теледидардың экран өлшеміне және

экран пішіміне сәйкес келтіріп реттеуге мүмкіндік береді.

BD Wise

BD Wise – Samsung компаниясының ең соңғы дерек

алмасу мүмкіндігі. Samsung ойнатқышы мен BD Wise

мүмкіндігі бар Samsung теледидарын HDMI кабелі

арқылы бір-біріне жалғап, BD Wise мүмкіндігі екеуінде

де қосылып тұрғанда, ойнатқыш бейне сигналын Blu-

ray/DVD дискілерінің бейне ажыратымдылығымен

және кадр жиілігімен шығарады.

Ажыратымдылық

HDMI бейне сигналының шығыс ажыратылымдығын

BD Wise, Авто, 1080p, 1080i, 720p немесе 576p/480p

режимдеріне орнатыңыз.

Сан бір кадрдағы бейненің жолақтар санын білдіреді.

«i» және «p» әріптері тиісінше жолақ аралық және

прогрессивті сканерлеуді білдіреді. Негізінен, жолақтар

неғұрлым көп болса, сапа соғұрлым жоғары болады.

Бейнекадр (24Fs)

Ойнатқыш 24Fs жиілігімен үйлесімді теледидарға

жалғанған болса, «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігі «Авто»

күйіне орнатылғанда, жоғары кескін сапасы үшін

ойнатқыш HDMI шығысын автоматты түрде секундына

24 кадрге реттей алады.

• «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігін тек осы кадр жиілігін

қолдайтын теледидарларда пайдалануға болады.

• «Бейнекадр» мүмкіндігін ойнатқыш HDMI 1080i

немесе 1080p шығыс ажыратымдылығы режимінде

болғанда ғана пайдалануға болады.

Қазақша

23

|

[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 23

2014-05-27 오전 10:51:00

Advertising