Инструкция по эксплуатации Samsung FW77SSTR

Страница 55

Advertising
background image

11

ҚАЗАҚША

УАҚЫТТЫ ОРНАТУ

Сіздің микротолқынды пешіңізге сағат орнатылған. Қуат көзіне қосылған кезде,

бейнебетте “:0”, “88:88” немесе “12:00” автоматты түрде пайда болады.

Ағымдық уақытты орнатыңыз. Уақытты 24- сағат немесе 12-сағаттық режим бойынша

көрсетуге болады. Сағатты келесі жағдайларда орнату керек:

• Микротолқынды пешті алғаш орнатқанда
• Электр қуаты өшіп қалғанда

Жазғы және қысқы уақыттарды ауыстырған кезде сағатты қайта

орнатуды ұмытпаңыз.

1. Сағатты келесі режимге қою үшін...

24-сағаттық режим
12-сағаттық режим
Clock ( ) (Сағат) түймешігін бір немесе екі рет басыңыз

2. Сағатты орнату үшін ( ) және ( ) түймешіктерін

басыңыз.

3. ( ) түймешігін басыңыз.

4. Минутты орнату үшін ( ) және ( ) түймешіктерін

басыңыз.

5. ( ) түймешігін басыңыз.

АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА

БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып түзетіп

көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.

Пештің ішінде конденсат пайда болады.

Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.

Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.
( ) түймешігін басқан кезде пеш іске қосылмайды.

Есік әбден жабылды ма?
Тағам мүлде піспеген.

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және/не ( ) түймешігін бастыңыз ба?

Есік жабық тұр ма?

Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш жанып

немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған

жоқ па?

Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ па?
Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл

пайда болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін,

пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.

Бөгеуілді пештің микропроцессоры анықтаса, бейнебет параметрлерін

қайта орнату керек. Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны розеткадан

суырыңыз да, қайта жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе,

жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

FW77SSTR_BWT_DE68-04135B-02_KK.indd 11

2014-02-21 �� 7:10:10

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: